Қазақстан-Британ техникалық университеті Пекин қаласындағы "Танфэн" білім беру-технологиялық компаниясымен және Asia Silk Bridge-мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Тараптар халықаралық білім беру платформасында қос диплом, қытай тілі мен бизнес мәдениетін оқыту, білім беру курстары мен тренингтері, сондай-ақ жұмысқа орналастыру қызметтері бойынша бірлескен бағдарламалар құра отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісті.
Пекиндегі "Танфэн" білім беру-технологиялық компаниясы әлемнің әртүрлі салаларындағы сарапшылар мен серіктестерді біріктіре отырып, халықаралық цифрлық білім беру өнімдерін әзірлейді және оларға қызмет көрсетеді, әлемге қытай тілін оқыту, кәсіптік және үздіксіз білім беру бойынша зияткерлік қызметтерді ұсынады.
Қазақстандық "Asia Silk Bridge" компаниясы Қазақстандағы мәдениет саласындағы даму жобаларымен жұмыс жасауда. Компания өз қызметінде мәдени даму, жасыл энергетика саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға, Жібек жолындағы халықаралық жобаларға және т.б. қатысуға назар аударады. Компания Қытай мен Еуразия елдері арасында "Бір белдеу - бір жол" бастамасы шеңберінде бірлескен даму мен өзара тиімділікке қол жеткізу мақсатында мәдениет, энергетика, сауда және басқа да салалардың алмасуына ықпал етеді.