28 қазанда ҚБТУ-да Консультативтік Кеңестің (КК) 9-отырысы өтті.
Ректор М.Т. Габдуллин отырысты құттықтау сөзімен бастап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Отырысқа ірі отандық компаниялардың өкілдері қатысты.
Ректор М.Т. Габдуллин ҚБТУ қызметінің жылдық есебін ұсынды, онда жүргізілген жұмыстар мен инновацияларға тоқталды. Биылғы жылы факультеттердің көпшілігі мектептер болып атауын өзгерткені туралы қосымша хабарлады.
KAZENERGY қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Темірлан Көпжасарұлы Аймағамбетов VII "Энергетикалық көшу: ұрпақтар сұхбаттастығы" ЖҒС жастар форумын қорытындылады.
Қорытынды сөз КК төрағасы Ибрашев Кенжебек Ниязұлына берілді және Консультативтік кеңестің келесі отырысының күні бекітілді.
Сондай-ақ серіктес компаниялардың өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.