Ақпараттық технологиялар факультетінде тағы бір керемет жаңалық!
"Робототехника және мехатроника"- жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.
Білім беру бағдарламасының мақсаты роботты техника саласында жоғары кәсіби мамандарды даярлау болып табылады, ол индустрияның кибер-физикалық және ақылды жүйелерін, автономды роботтар түріндегі интеллектуалды және автономды көлік жүйелерін құруға бағытталған; роботты техника және өндіріс бойынша курстармен ұштастыра отырып, өндірісті автоматтандырылған жобалауды, электротехника және электроника қағидаттарын оқыту.