15 маусымда ҚБТУ ректоры Манарбек Ғабдуллин QS World University Rankings (WUR) 2023 рейтингінде ҚБТУ нәтижелері үшін марапат алды.
QS WUR 2023-де ҚБТУ 801-1000-орынды иеленді, яғни ЖОО QS WUR 2022-мен бірдей орында қалды. Өткен жылмен салыстырғанда ҚБТУ QS WUR бойынша 57% үздіктер қатарына кіреді. QS WUR 2022-де бұл процентиль 62% құрады. Жоғары оқу орындарының саны артқан кезде рейтингте ҚБТУ-дың даму пайызы да өсуде. Жалпы, ҚБТУ-дың даму пайызы жыл сайын өсіп келеді.
QS WUR - бұл университет рейтингінің жыл сайынғы жарияланымы. Университеттер 6 көрсеткіш бойынша бағаланады: академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, оқытушылар мен студенттердің арақатынасы, 1 ПОҚ-қа сілтеме, шетелдік студенттердің қатынасы және шетелдік оқытушылардың қатынасы. QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 рейтингінде ҚБТУ үздік 23% қатарына енді.