Жыл сайын біздің университет QS (World University, EECA) халықаралық рейтингісінде ұсынылады. Осы жылы ҚБТУ QS Emerging Europe and Central Asia (EECA) University Rankings 2022 рейтингісінің топ-23% кіргенін хабарлауға қуаныштымыз. Атап айтқанда, Академиялық бедел мен Халықаралық зерттеу желісі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. Сонымен қатар Жұмыс берушінің беделі барлық 10 көрсеткіш арасында ең күшті болды.
QS EECA рейтингісі дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азияның 450 үздік университеттерін қамтиды. Рейтингтің мақсаты - жоғары оқу орындарының қызметін бағалау мен бақылау және білім беру саласындағы дамуды атап өту.