Жыл сайын 16 желтоқсанда еліміз басты мемлекеттік мереке – ел тарихындағы қасиетті оқиғалармен ұштасқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлайды. Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін өз Отанының тәуелсіздігін қорғағандарды еске алу күні ретінде зор мәнге ие. Бұл елін мақтан тұтатын, тарихын ардақтайтын, еңбегі мен талантымен туған елінің гүлденуіне күнделікті үлес қосып жүрген әрбір жанды біріктіретін күн, мемлекетіміздің еркіндігі мен күш-қуатының символы!
Біз бүгінде бүкіл қазақ халқымен бірге еліміздің ғылым, мәдениет, экономика, білім және спорт салаларындағы жетістіктерімен мақтана аламыз!
Осы атаулы күні Сіздерге зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз! Отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім және өзара түсіністік орнасын. Тәуелсіздік күні құтты болсын!