Жобаның мақсаты-жастар арасында спортты, мәдениетті, адамгершілік тәрбие мен патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосатын академиялық көрсеткіштері жоғары дарынды студенттерді қолдау.
Қатысу критерийлері:
1. Стипендия алуға ҚБТУ-да (бакалавриат) күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары үміткер бола алады.
2. Стипендия алуға Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үміткер бола алады.
3. Спорттық жетістіктерінің болуы.
Денис Тен атындағы стипендиаттарды іріктеу келесі түрде жүзеге асырылады:
- 1 — кезең: өтінімдерді қабылдау-2021 жылғы 20 қазаннан 3 қарашаға дейін;
- 2-кезең: өтінімдерді өңдеу-2021 жылғы 10 қарашаға дейін;
- 3 кезең: нәтижелерді жариялау — 2021 жылғы 12-15 қараша.
Өтінімге қойылатын талаптар:
Денис Тен атындағы стипендия алу үшін сауалнаманы 2021 жылдың 3 қарашасына дейін толтыру қажет: https://clck.ru/YNauP
Электрондық мекен-жайға сауалнаманы толтырудан басқа Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жіберу керек:
1. Өтінім беруші алған қандай да бір спорттық жетістіктерге қатысты грамоталар/сертификаттар/құжаттар (скан-көшірмелер).
2. Өтінім беруші белсенді қатысқан ҚБТУ қоғамдық өміріндегі іс-шаралардың сипаттамасы.
3. "ҚБТУ кеше бүгін және ертең. Менің көзқарасым". Ағылшын/қазақ/орыс тілдерінде 300 сөзден артық емес, таңдау бойынша.
4. Факультеттен ұсыныс хат (бар болса).
Сауалнаманы толтыруға қойылатын талаптар:
1. Сканерленген көшірмелер түпнұсқа құжаттардан емес, олардың көшірмелерінен алынып, jpeg / pdf форматында жүктелуі керек.
2. Мотивациялық сұрақтарға жауаптар толық болуы керек, дайын жұмыстарды (эсселерді) көшіруге жол берілмейді.
Шәкіртақы иегерлеріне тәуелсіз комиссия — қазылар алқасының шешімі туралы 2021 жылдың 12-15 қарашасында хабарланады.
Стипендиаттарды іріктеуді тәуелсіз комиссия-қазылар алқасының мүшелері жүзеге асырады. Тәуелсіз комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және талқылауға жатпайды.
Байланыс ақпараты: +7 747 123 7121
Пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.