.

 

Ұлттық арнада өткен «DARYN» тележобасының бас серіктесі Daryn Online білім беру платформасы. Жобаның финалдық кезеңі «Qazaqstan» телеарнасында көрсетілді.

Жобада 190 балл жинап, Нұрсұлтан Таңат жеңіске жетті. Жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінің гранты табысталды. Нұрсұлтан Таңат Қарағанды облысындағы «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы.

«DARYN» зияткерлік телеолимпиадасына республиканың әр түкпірінен 9-сыныпта оқитын 310 бала қатысып, оның 132-сі іріктеуден өтті.

Тележобаның мақсаты – жастарды оқуға ынталандыру, олардың білім алуға қызығушылығын арттырып, көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!