2021 жылғы 10 маусымда ҚБТУ өкілдері академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жұмасейтова Әсел Кеңесқызының басшылығымен "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС зауытына барды.
Кездесуде ҚБТУ және "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС қызметінің бағыттары, еншілес ұйымдармен бірлескен ынтымақтастық перспективалары талқыланды, атап айтқанда:
- Бектұров атындағы ХҒИ мүмкіндіктері;
- ХИ ҒБО мүмкіндіктері;
- Мансап мүмкіндіктері;
- Қосымша білім беру;
- Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен бірлескен бағдарламалар бойынша академиялық мүмкіндіктер;
- Цифрландыру жобалары.
Талқылау нәтижесінде бірқатар шешімдер қабылданды:
1. Волонтерлік қозғалыстар мен бастамаларды ұйымдастыру және оларға қолдау көрсету;
2. Бос орындар жәрмеңкесін, ҚБТУ студенттері үшін зауыт кәсіпқойларының қонақ дәрістері мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру;
3. Сынақ қосылыстарын өлшеу және дайындау бойынша Бектұров атындағы ХҒИ зертханалары базасында ынтымақтастық орнату;
4. АТИИТ және АТФ - пен IT саласы бойынша ынтымақтастықтың қолданбалы жобаларын іске асыру;
5. Зауыт жұмыскерлерін даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысу
6. ҚБТУ ХИ ҒБО студенттері үшін Лукойл-да өндірістік тәжірибені ұйымдастыру.
7. ҒЗТКЖ жобаларын талқылауды және оларды зауытта енгізуді жалғастыру;
8. "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС үшін ҚБТУ-ға экскурсия ұйымдастыру және кооперация жөніндегі қадамдарды талқылау.