Ресей Жаратылыстану Академиясы Төралқасының шешімімен гранттық қаржыландыру бойынша зерттеулердің ғылыми жетекшісі, Материалтану және коррозия мәселелері ғылыми-білім беру орталығының бас ғылыми қызметкері Эсен Нұрғалиұлы Сулейменовке «Ғылыми бағыттың негізін қалаушы» құрметті атағы берілді.
⠀
«Ресей Жаратылыстану Академиясының Президиумы (РАЕ) Сізді құттықтай отырып, отандық ғылымды одан әрі дамытуда табыс, білім беру саласында жемісті жұмыс және сіз жасаған жаңа ғылыми бағыттың ілгері дамуын тілейді! Жаңа ғылыми бағыт – бұл іргелі зерттеу, оны іске асыру барысында ғылымның белгілі бір саласында жаңа және бұрын шешілмеген ірі міндеттер тиімді шешіледі», - делінген хабарламада.
Құттықтаймыз!