. .

 

ҚБТУ оқытушылары Исахов Асылбек Абдиашимович және Кулпешов Бейбут Шайыкович «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.

 

Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық 2 блоктан тұратын көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок – оқыту сапасы, II блок – ғылыми-зерттеу қызметі.

Биыл алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсына қатысуға өтінімдер беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді.

 

Исахов Асылбек Абдиашимович және Кулпешов Бейбут Шайыкович ҚБТУ математика және кибернетика ғылыми-білім беру орталығының профессорлары. Профессор қызметінен бөлек, Асылбек Исахов аталған факультеттің деканы қызметін атқарады.

 

Құттықтаймыз!