21 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университеті Халықаралық экономика мектебінің қос дипломдық бағдарламасы аясында түлектерге Лондон университеті (UoL) мен ҚБТУ дипломдары табыс етілді.
Онлайн-марапаттау рәсіміне академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әсел Жұмасейтова, ХЭМ деканы Гэйвин Кретчмар, факультет деканының орынбасарлары мен профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ арнайы қонақ АХҚО үздіксіз кәсіби даму бюросы бағдарламаларының супервайзері Руслан Молдашев қатысты. Қатысушылар ХЭМ түлектеріне үздіксіз өзін-өзі дамытуды және кәсіби ортада жоғары дайындық деңгейін көрсетуді тіледі. ХЭМ студенттері 2019/20 оқу жылында 98% үлгерімге қол жеткізді, бұл керемет жетістік болып табылады.
Түлектер атынан Ғазиз Қазбеков сөз сөйлеп, факультеттің оқытушылары мен менеджерлеріне, сондай-ақ курстастарына Халықаралық экономика мектебінде оқыған жылдары алған бірегей тәжірибесі мен өзекті білімі үшін алғысын білдірді.
ХЭМ-нің 29 түлегі Лондон университетінің (UOL) дипломдарын алды. Оның 18-і «Математика және Экономика», 10-ы «Экономика және Қаржы» мамандығы бойынша және 1-і «Банк ісі және Қаржы» бойынша.
Сондай-ақ, ХЭМ 1 курс студенттерін Аdvanced Placement (AP) емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтады: үлгерім пайызы 88% - ды құрады. Сондай-ақ, AP бойынша Топ 5, GPA бойынша Топ 5 және UoL бойынша Топ 5 үлгерімі үшін 1, 2, 3 және 4-курс студенттері марапатталды.
Қазақстан-Британ техникалық университеті беделді Лондон университетімен үлестес ҚР мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.
Халықаралық экономика мектебі жоғары білікті экономистері мен қаржыгерлерінің жаңа буынын диплом алуымен шын жүректен құттықтаймыз!