12 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университеті басшылығының Алматыдағы Ауғанстанның Бас Консулы және ауған студенттерін оқыту және кадрларды даярлауды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілімен кездесуі өтті.

Алматыдағы Бас Консул Ваис Паяб мырза және ҚР Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Талғат Қалиев бастаған Ауғанстан тарапынан келген қонақтар ректор Кенжебек Ибрашев бастаған ҚБТУ басшылығымен ауған студенттерін университетте оқыту бойынша бірқатар мәселелерді және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтсақ, Ауғанстанда сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ Ауған оқытушыларының біліктілігін арттыруды, ҚБТУ базасында тағылымдамалар мен көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдылары бойынша тренингтер өткізу сұрақтары қозғалды. Кездесу аясында қонақтар үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, ҚБТУ бойынша экскурсия ұйымдастырылды.