ҚР Конституциясы күніне орай ҚБТУ бірінші проректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, Маратбек Габдуллин «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» президенттік медалімен наградталды.
Бұл мемлекеттік награда Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының және шетелдік азаматтарды марапаттау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын атап өту құрметіне тағайындалған.
Маратбек Төлебергенұлын аталған жоғары марапатпен құттықтаймыз!