ҚБТУ командасы Enactus Kazakhstan Ұлттық кубогы аясында жүлделі орындарға ие болды.
ҚБТУ студенттері Enactus Kazakhstan қозғалысына жақында қосылды. Дегенмен, KBTU Startup Incubator бизнес-инкубаторы мен эдвайзері Владимир Поповтың жетекшілігімен Enactus KBTU командасы Ұлттық кубокқа қосылып үлгерді. Іріктеу оңай болған жоқ: жалпы саны 52 команданың тек 27-сі ғана қатысуға мүмкіндік алды. ҚБТУ командасы 1-лигада ойнап, 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, Enactus KBTU SIFE/EnActUs ұйымының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Beeline ұсынған "жарқын жақта өмір сүр" digital-стартаптар байқауында "күміс" жүлдені иеленіп, 500 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл байқауға 60-қа жуық жоба қатысты, олардың тек 9-ы shortlist-ке түсті. Байқауда Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Арон Каратаев Sunorak жобасын ұсынды. Ол смартфондарды қайта зарядтауға және суық ауа райында жылытуға арналған күн панельдері бар күрте прототипін ұсынды (жобаның презентациясы: https://youtu.be/yEyePg1ajHI). Бұл жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді.
Enactus KBTU командасына келесі жылы жеңіс, ал Sunorak жобасына – краудфандингтік науқанның сәтті іске қосылып, инновациялық курткаларды сатып алушылардың көп болуын тілейміз!