Құрметті талапкерлер! БІЗ СІЗДЕРДІ ҚБТУ-да оқуға мемлекеттік грант иеленуіңізбен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде ҚБТУ-да оқуды қашықтықтан өткізу жоспарлануда.

ҚБТУ студенті қатарына қабылдану үшін:

- 17-19 тамыз аралығында білім беру бағдарламасын таңдау үшін декандармен онлайн кездесулерге қатысу - кездесулер кестесі сайттың басты бетінде;

- 24 тамызға дейін:

- Қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқаларын (қосымшасы бар аттестат (мұқабасыз) және 3х4 2 фотосуретті ұсыну;

- Қабылдау туралы өтініш жазу;

- Білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасасу қажет.

Өзге қалалардан келген талапкерлерге - қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын (қосымшасы бар аттестат (мұқабасыз), 2 фотосурет 3х4), сіз қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартты және қабылдау туралы өтінішті жіберу керек (сіздің электронды поштаға алдын-ала жібереміз).

Назар аударыңыз! Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, білім беру қызметін көрсету туралы келісімге ата-ана немесе басқа заңды өкіл қол қоюы керек.

Ол үшін курьерлік жеткізу қызметін пайдалануды ұсынамыз. Мысалы, ҚБТУ FedEx пайдаланады. Құжаттарды сенімді тұлға арқылы да беріп жіберуге болады.

24-28 тамыз аралығында - Онлайн-бағдарлау апталығына қатысуыңыз қажет (www.kbtu.kz).

ҚБТУ мекен-жайы: Алматы қ., Төле би к-сі, 59, индекс: 050000.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласыңыз: +7 (727) 357 42 51.

Сондай-ақ сайттың басты бетіндегі Виртуалды қабылдау комиссиясына хабарласуға болады. Және де грант иегерлерінің телеграмм чатына мына сілтеме бойынша қосыла аласыз: https://t.me/joinchat/I4lv5BcdlUxH11UR55dALw