Оқу барысында өзгелерге қарағанда ең көп қиындықтарға кезігетін шетелдік студенттер екені бәрімізге мәлім. Сол себепті, бұл қиындықтармен бірге үздік жетістіктер қатар жүрсе, әрине, бәрімізді қуантады.
ҚБТУ қабырғасында Бизнес мектеп, Энергетика және мұнай-газ индустриясы факультеттерінде ҚХР-дан келген магистранттар жоғары академиялық көрсеткіштер көрсетіп, студенттік өмірге белсене атсалысты.
Одан бөлек, олар Алматы облыстық №1 балалар үйінің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Бұл жазда шетелдік қоғамдастықтың негізін салушы Тимур Тураевтың қолдауымен балаларды ағылшын тілі мен хэндкрафтингке үйрету бойынша әлеуметтік жоба қолға алынды. Оған қоса, Шанхай политехникалық университеті магистранттары балалар үйіне сыйлықтар мен киім-кешек сыйлады.
Достар, жыл бойы бізбен болғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге сәттілік тілейміз! Қазақстандық альмаматеріңізді ұмытпаңыздар, біз де сіздерді ұмытпаймыз! Келесі кездескенше!