Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу бұрын-соңды мәлімделгендей 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады.
Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады.