ҚБТУ-дың Қазақстан теңіз академиясында "Офшорлық инженерия және теңіз тасымалы" магистратураның жаңа бағдарламасы ашылады.

Осы бағдарлама бойынша оқыған түлек теңіз көлігі, теңіз көлік заңнамасы, офшорлық индустрия, экономика және қаржы саласында бәсекеге қабілетті білім алады, сондай-ақ адам капиталын басқару және жобаларды жүргізу негіздерін меңгереді.

Жаңа бағдарлама ҚБТУ түлектері үшін жұмысқа орналасу мен мансаптық өсуде зор мүмкіндіктерге жол ашады.

Бітірушілердің ББ нәтижесінде алған білімі теңіз порттарында, ұлттық және халықаралық кеме және мұнай-газ компанияларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

Түлектердің біліктілік тізімі:

1. Кеменің офшорлық операциялары;

2. Теңіз кемелері мен құрылыстар инспекциясы;

3. Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4. Порт менеджменті;

5. Техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді бақылау;

6. Мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтарды пайдалану;

7. Жеткізу және операциялық менеджмент;

8. Порттарда және мұнай платформаларында жұмыс процестерін оңтайландыру.

 

Шынымен де, керемет емес пе? Онда  бізге дәл қазір жазыңыз, біздің қызметкерлер осы   бағдарламаға қалай түсу керектігі туралы ақпаратпен бөлісу үшін Сізбен тез арада байланысады.