Төтенше жағдай кезінде ҚБТУ Магистранттар мен студенттер үйі жұмыс бабымен қалада қалуға мәжбүр болған Алматы облысы медқызметкерлерінің үйіне айналды.

Бұл - 19 дәрігер, 24 медбике/санитарлар, 42 фельдшер/акушерлер және 35 жүргізушіден тұратын медициналық ұйымдардың жалпы саны 120 қызметкері. Олардың басым бөлігі бес медициналық жедел жәрдем қосалқы станцияларында, екі емхана және №4 перзентханада қызмет жасайды.

Олар өздерінің жақындарымен 1-1,5 ай көріскен жоқ.

Біз медқызметкерлер арасында сауалнама жүргізе отырып, олардың жатақханада тұру жағдайын сұрадық, төтенше жағдай кезеңінде ҚБТУ студенттеріне кеңес беруіне өтініш білдірдік.

Медициналық ұйым қызметкерлері Магистранттар мен студенттер үйінде тұру жағдайы көңілдерінен шыққанын мәлімдеді. Мұндағы тазалық пен жайлылық, қызметкерлердің сыпайылығын атап өтіп, ҚБТУ-да жасалған жағдай үшін алғыстарын жеткізді.

Ал студенттерге сабырлық танытуды, үйде болуды және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескерте отырып, зор денсаулық пен амандық тіледі.