ҚБТУ Қазақстандық теңіз академиясының 24 кадеті мен 2 оқытушы-офицері 46 күн ішінде Синт-Мартен Кариб аралынан Азор аралдарына дейін Атлантикалық мұхитты кесіп өтіп, Нидерландыға сәтті оралды.
Жоспар бойынша олар 16 ақпанда Синт-Мартен Кариб аралынан бастап, Атлантика арқылы Азор аралдарына дейін жетіп, 16-17 наурызда сол жерден Франкфурт арқылы елге ұшып келуі тиіс еді. Бірақ COVID-19 коронавирусының жылдам таралуы олардың қайтуына кедергі болды. Азор аралдарынан тұрақты авиарейстер тоқтатылғаннан кейін команда олардың «Эйндрахт» желкен кемесінің Роттердамдағы (Нидерланды) тіркеу портына қайта оралуға шешім қабылдады.
Жүзу барысында кеме 12 балдық дауылға ұшырап, біздің жас теңізшілер рухтың беріктігін және қолайсыз жағдайларда командамен жұмыс істей білетіндігін көрсетті. Нидерланд экипажы атап өткендей, олар қазақстандық кадеттердің көмегінсіз осындай дауылдан өтуі қиын болар еді.
Барлық сынақтардан өткен біздің кадеттер Францияның Больё-сюр-Мер қаласына аман-есен жетіп, ол жерден Қазақстанның Франция мен Бельгиядағы Елшіліктерінің күшімен Амстердам қаласына жеткізілді.
Біздің дипломаттар бірінші күннен бастап балалар мен олардың ата-аналарымен байланыста болды. Қазіргі уақытта олар Амстердам қонақ үйінде орналастырылып, Қазақстанға жақын арада қайтуын күтуде.