4 наурызда Атырауда Қазақстан-Британ техникалық университеті, Baker Hughes және KazPetroDrilling арасындағы ықпалдастық аясында Бұрғылау технологиялары оқу орталығы ашылды.

«Орталықты ашудағы мақсат – Қазақстан Республикасы мұнай-газ және энергетика салалары кадрлық мәселелерінің динамикасы мен тұрақты дамуы үшін бәсекеге қаблетті орта қалыптастыру»,- деп атап өтті ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев. – «Орталықтың білім беру бағдарламасы бұрғылау технологиясының бағыттарына назар аударады».

Жаңа білім беру орталығы IWCF (International Well Control Forum) бойынша аккредитациядан өтіп, DrillSim-20 жаттығу құрылғысы, DrillSim-5000 толық жасалған бұрғылау симуляторы және білім алушыларға бұрғылау жұмыстарының түрлі операцияларын өткізу барысында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы макеттермен жабдықталған.

Қазақстан-Британ техникалық университеті адам капиталын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес  мамандардың техникалық қаблетін дамыту мен біліктілігін көтеру мақсатында оқыту бағдарламасының толық кезеңін жүзеге асырады.

Бағдарламалар халықаралық білім беру стандарттарының талаптарына сай.

Бұрғылау технологияларының 9 бағыты бойынша өзінің тәжірибесімен бөліскен Baker Hughes компаниясы орталықтың ашылуына белсенді қатысты. Бұл тәжірибе мамандарды, онымен қоса, ҚБТУ оқытушылары мен студенттерін оқыту барысында қолданылатын болады.

KazPetroDrilling қазақстандық бұрғылау холдингі орталықты халықаралық стандарттарға сай заманауи кеңсемен қамтамасыз етіп, алғашқы тыңдаушыларын оқуға бағыттап үлгерді.

Жаңа орталықта алғашқы 2 курс сәтті аяқталды.