1 наурызда ҚБТУ студенттері екі мәрте жеңіске жеткен «Кім? Қайда? Қашан?» және «Брейн-ринг» интеллектуалды ойнының қалалық турнирі өтті.
Интеллектуалды спорт лигасы мен Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен турнирге Алматы қаласы ЖОО мен мектептерінен құралған жалпы саны 28 команда қатысты. ҚБТУ намысын «МКБХ» және «Абзу» командалары қорғады.
Нәтижесінде Садыков Сардардың бастамасымен «МКБХ» командасы «Кім? Қайда? Қашан?» бойынша бірінші және «Брейн-ринг» бойынша екінші орын иеленді. Ал «Абзу» командасы «Кім? Қайда? Қашан?» бойынша жүлделі екінші және «Брейн-ринг» бойынша бірінші орынға ие болды.
Бұл осыған дейінгі ҚБТУ Элитарлы клубы қатысушыларының төртінші жеңісі!
Біздің студенттерді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілейміз!