28 ақпанда Атырау қаласында KPI (Kazakhstan Petrochemical Industries) компаниясының ұйымдастыруымен кадрлық Форум өтті. Аталған форумға Қазақстан-Британ техникалық университетінің басшылығы да қатысты.

Форум Казақстанның газ-химия өнеркәсібінің мамандарын даярлау және қайта даярлау мәселелеріне арналған болатын.

«Бүгінде бизнеске тек қана білімді ғана емес, сондай-ақ, дарын-қаблеттерімен танылған адамдар қажет. Сол себепті, ҚБТУ университет қабырғасынан түлеп ұшқан сәтте жоғары білімін растайтын дипломынан бөлек, білім алушылардың белгілі бір деңгейде дағдылары мен құзыреттілігі болуына атсалысады», - деді өз баяндамасында университет ректоры Кенжебек Ибрашев.

Онымен қоса, ҚБТУ тарапынан салалық компанияларға ҚР газ-химия өнеркәсібі кешенін дамыту бойынша бірлесіп қызмет атқару ұсынылды.