19 ақпанда ҚБТУ кинозалында шешендік өнер элективті курсының оқытушысы Райхан Бекенованың (БРБ) студенттерінің ерекше концерті өтті. Неліктен «ерекше»? – деп сұрарсыз... Себебі концертке қатысу талаптарының бірі – музыкалық бейім мен түйсіктің болмауы!
Концерт «Дауыс қою» және «Сахнаға шығу қорқынышы» тақырыптарын үйрену бойынша өтті. Әрбір орындау әнді ерекше шырқау, сахналық образдар мен қиял ұшқырлығымен ерекшеленді. Студенттер шара барысында дүние жүзінде өлім қорқынышынан кейін екінші орынды алатын «сахна қорқынышынан» арылуды үйренді.
Бұл концертте бәрі ән салды, тіпті БРБ-ның өзі де! Осылайша Райхан Болатқызы студенттерге үлгі болуды өзінен бастады. Оның құрбыларымен бірге салған әні атақты Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әні болды. Оларға Қазақстан Теңіз академиясы кадеттерінен құралған хор қосылды. Бұл әнді таңдау себебі де жайдан-жай емес: БРБ оны ҚБТУ-да бұрын сабақ берген және қазір білім алушы барлық теңізші мамандарға арнады.
ҚБТУ ректоры Кенжебек Ниязұлы Ибрашев іс-шараның құрметті қонағы болды. БРБ қатысушылары ректорға қошемет көрсетіп, құрметпен қарсы алды.
Ерекше БРБ концертінің барлық көрермендеріне, атап айтсақ, студенттер мен оқытушыларға көптен-көп алғыс білдіреміз.