21 ақпанда ҚБТУ-да Art House KBTU студенттік ұйымының ұйымдастыруымен Alma Loud қалалық вокалды-музыкалық байқауының екінші кезеңі өтті.

Осыған дейін бұл байқау ҚБТУ Дауысы деп аталған болатын. Art House жобасының 5 жылдығына орай іс-шараны қалалық деңгейде өткізуді жоспарлап, Алматы қаласының ЖОО қатысуға шақырған болатын.

Байқаудың алғашқы кезеңінде кастинг жарияланды. Оған 20 жоғары оқу орнынан жалпы саны 100-ге жуық студент қатысты. Нәтижесінде үздік вокалдық қаблеттерімен танылған 20-дан астам қатысушы таңдалып алынды.

Жартылай финалға дайындық 2 апта уақыт алды. Осы уақыт ішінде қатысушылар ҚБТУ Тәуелсіздік залында керемет шоу көрсетті. Көрермендер қатарында алматылық ЖОО студенттері, G39, Жас Отан, Волонтерлер Лигасы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазылар алқасы құрамына тәжірибелі мамандар шақырылды: поп-орындаушы, композитор және продюсер Бейбіт Кушкалиев, композитор Ғалымбек Исмбергенов, әнші, «Новая волна -2015» байқауының екінші орын иегері және SuperStar Kz финалисі Диная, сондай-ақ, ҚР Xiaomi бөлшек сауда брендінің жетекшісі Дина Ауежанова.

Байқаудың бас демеушісі Xiaomi Қазақстандағы ресми таратушысы mi.com.kz болды. Alma Loud онлайн және оффлайн ауқымда 10 мыңға жуық адамды қамтыды.

Ендігі кезекте Art House студенттері 11 финалист үздіктердің үздігі атануы үшін бақ сынасатын аталған байқаудың финалдық кезеңіне керемет ынтамен атсалыспақ.

Осы орайда, барша өнерсүйер қауымды Forum сауда орталығында 5 наурызда өтетін Alma Loud байқауының финалдық бәсекесінің көрермені атануға шақырамыз.