Өндірістік тәжірибе – сапалы білім берудің құрамдас бөлігі. «Химиялық инженерия» ҒББО студенттері Румыниядағы дуальды білім беру шеңберінде мұндай өндірістік тәжірибеден екі жыл қатарынан өтіп келеді.

3 ақпан мен 3 наурыз аралығында «Органикалық заттардың  химиялық технологиясы» бағдарламасы аясында білім алушы «Химиялық инженерия» ҒББО студенттері, магистранттары мен докторанттарынан құралған жалпы саны 10 адам румындық  Petromidia мұнай өңдеу зауытында өндірістік тәжірибен өтуде.

2018-2019 оқу жылында тәжірибеден өткен студенттер «аталған мұнай өңдеу зауытында оқу олардың кәсіби мансабын құрудағы қажетті әрі тиімді қадам болды» деп пікір білдірді.

Биылғы қатысушыларға да бұл тәжірибе болашақ «Органикалық заттардың  химиялық технологиясы» саласының маманы  ретінде нәтижелі болсын деп тілейміз!