Өткен аптада ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясының кадеттері Нидерланд елінің Роттердамдағы STC KNRM теңіз мектебінде Қауіпсіздік техникасы бойынша базалық тренингтен өтті.
Қазір кадеттер кемедегі практикалық сабақтарға қатысуда.
Қазақстан теңіз академиясы (ҚТА) – халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді дайындайтын ҚР-дағы бірегей жоғары оқу орны. Оқу бағдарламасы халықаралық талаптарға сай келетін 12 айлық теңіз практикасын қамтиды. ҚТА түлектері «Кеме жүргізу» немесе «Кеме механикасы» мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алады, сондай-ақ капитан көмекшісі немесе аға механик болып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіби теңізші дипломын иеленеді. ҚТА-дан алған білім қазақстандық және шетелдік кемелерге еңбекке орналасуға, сондай-ақ жағалаудағы бейінді компанияларда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Теңіз саласының келешек кәсіби шеберлерінің кезекті буынын дайындау барысы сүйсінтеді.
Біз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз!