12 ақпанда Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі мен оның "Академиялық адалдық лигасы" стандартына сәйкестігін тексеру мониторингі жүргізілді.
Бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері болып табылатын лиганың 11 сарапшысынан құралған топ мүшелері тарапынан алуан түрлі 105 критерий бойынша ҚБТУ қызметін жіті бағалау жасалды, соның ішінде ОПҚ мен студенттерден сауалнамалар алынып, сондай-ақ университет инфрақұрылымына шолу жүргізілді. Бағалау қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленетін болады.
Естеріңізге сала кетелік, ақпанның басында лиганың жалпы жиналысы болып өтті, онда жаңа төраға ретінде ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев, ал Лига кеңесінің төрағасы ҚАЗМЗУ провості Сергей Пен сайланды.
Жоғары оқу орындарының Тәуелсіз ассоциациясы "Академиялық адалдық лигасы" 2018 жылы Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын жақсарту мақсатында құрылған. Лига мүшелігіне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігі мен "Атамекен" ҰКП-ның ассоциацияланған мүшелері – 12 жоғары оқу орны енді. Олардың барлығы да лига ұстанымдары мен құндылықтарын сақтау міндеттемесін қабылдаған.