7 ақпанда Қазақстан-Британ техникалық университетінде Бизнес мектебінің кезекті магистрант түлектерін ұшырудың салтанатты рәсімі болып өтті.
Master in Financial Analysis, Master in Supply Chain and Project Management, MBA in Oil and Gas магистрлік бағдарламалары түлектеріне ACBSP аккредиттелген дипломдар тапсырылды.
Бизнес мектебінің Master in Financial Analysis бағдарламасы CFA институтынан аккредиттелгендіктен оның студенттері CFA емтихандарын тапсыруға гранттар иеленеді.
ҚБТУ Бизнес мектебі туралы толығырақ: www.kbtu.kz/ru/faculties/school-of-business сайтында.