5 ақпан күні ҚБТУ Ғылыми кітапханада қазақ халқының біртуар шоқ жұлдызы Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне 175 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, студенттердің классикалық әдебиттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру, Абай және Шәкәрім шығармаларындағы  эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау болатын.

Қонақтарымыз Хәкім Абай атамызға арналған кітапхана көрмесін тамашалап, ән мен поэзиядан сусындап, тақырып шеңберіндегі блиц-сұрақтарда білімдерін жарыса көрсетіп, мәз-мейрам болысты!

Үш номинация бойынша жеңімпаздарымыз бен белсенді қатысушыларымыз дипломмен қоса жақсы сыйлықтарды иеленіп қайтты.

Кешіміздің соңы ұлағатты әңгімегелерге толы берекелі дастарханға ұласып, ,нағыз қазақи көрінісін тапты.

Шарамыздың қазылар алқасына және атсалысқан студент қауымына алғыс білдіреміз.