30 қаңтарда Халықаралық тәуекел-менеджер FRM (Financial Risk Manager) біліктілігінен табысты өткен ҚБТУ Халықаралық экономика мектебі студенттеріне Сертификаттар тапсыру рәсімі болып өтті. Бұл емтихан нәтижелері бойынша ХЭМ студенттері FRM кәсіпқойларының әлемдік орташа көрсеткішінен асып түсті!

Қазіргі кезде әлемде бұл көрсеткіш 44%-ды құраса, Халықаралық экономика мектебі студенттері 60%-ға қол жеткізді.

Сертификаттарды  тапсырушы АХҚО («Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы) Бюросының FRM бағдарламалары супервайзері  Руслан Мулдашев  FRM емтихандарынан өткен ХЭМ студенттерінің  үлесі  Қазақстанның  кәсіби  компанияларының  жалпы үлесінен  асып түскеніне сүйсіне ризашылық білдірді.

ҚБТУ Халықаралық экономика мектебі қазақстандық университеттер  үшін FRM  емтихандарына даярлық жасауға арналған АХҚО-ның  оқу орталығына  айналады.

Тағы бір  жағымды жаңалық – ХЭМ-нің 14 студенті London School of Economics (University of London)  әлемдік рейтингінде үздіктер қатарына қосылды.

Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз!