4 ақпанда Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшісінің орынбасары Қазақ-Британ техникалық университетіне сапармен келді.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің орынбасары Джонатан Лейфилд және Ұлыбритания елшілігінің саяси бөлімінің өкілі Лариса Волкова ректор Кенжебек Ибрашев бастаған ҚБТУ басшылығымен кездесті, университеттің жұмысымен танысты, бірлескен бағдарламалар мен жобалардың перспективаларын талқылады, сондай-ақ ҚБТУ ғимаратындағы тарихи Тәуелсіздік залында болды.