30 қаңтарда ҚБТУ-да ұзақ уақыттан бері университетте дәріс беретін қазақстандық белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жұлдызбек Бекмухамедұлы Абылхожиннің «Постсталинский период в истории советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953 - 1991 гг.)» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.
Өз жұмысында автор Қазақстан тарихындағы мейлінше аз зерттелген –соңғыкеңестік кезеңге қалам тартқан. Бұл кезең тарихшылардың ғылыми зерттеуіне зәру, өйткені, біріншіден тәуелсіздік дәуіріндегі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-белсенді бөлігі болып қалып отырған бірнеше буын 1953-1991 жылдары дәл осы кезеңде өсіп - қалыптасты, демек бұл кезеңді олардың қабылдауы мен ол туралы ұжымдық естеліктер субъективтік сипатта болуы әбден мүмкін. Бұл буынның тарихи жадысының бірқатар бөлігінде постсталиндік кезең көбінесе «жоғалған жұмақ», қайбір «алтын ғасыр» ретінде бейнеленеді. Осыған байланысты автор сол кезеңдегі кеңес тарихын қандай да бір «қаралауға» немесе, керісінше, «ақтауға» ұмтылуды көздемей, оны ғылыми- рационалдық көзқарас тұрғысынан қарастыруға тырысады.
Кітаптың артықшылықтары туралы айта отырып, онда статистикалық мәліметтер мен мұрағаттық құжаттардың кең қолданылғанын атап өтпей болмайды. Өзіндік тарихи эрудициясы мен теориялық-концептуалдық аппаратты қолдану шеберлігі авторға сипатталып отырған кезеңді жанды детальдар түрінде жаңғыртуға мүмкіндік туғызған. Нәтижесінде 1953-1991 жылдардағы дәуір тек саяси көшбасшылардың ғана емес, сонымен қоса «үнсіз бұқараның», яғни қоғамның дауысымын «тіл қатады». Кітапта сипатталып отырған кезеңдегі Қазақстан аумағында болған барлық негізгі оқиғалар мен үдерістер: хрущевтік «коммунизм қарсаңы» мен брежневтік «тұрақтылықтан» горбачевтік «қайта құруға» дейін көрініс тапқан.
Профессор Абылхожиннің жаңа еңбегі тарихшыларға, экономистерге, социологтарға, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және барлық Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға қызықты болары сөзсіз.
Кітап Қазақстан-Британ техникалық университетінің типографиясында шектеулі таралыммен басылып шықты.
Кітапты алу мәселесі бойынша келесі телефон: +7 777 2281957, немесе Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық адреске хабарласуға болады.