. .

Химиялық инженерия ғылыми-білім беру орталығы 7M07102 - Мұнай химиясы мамандығы бойынша магистранттарды даярлайды.

 

Оқу мерзімі (ғылыми-педагогикалық магистратура):  2 жыл

 

Химиялық инженерия мамандықтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура мамандық бойынша тереңдетілген ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасын жүзеге асыра отырып, «техникалық ғылымдар магистрі» дәрежесін береді.

 

Білім беру бағдарламасының мазмұны:

Магистрлерді дайындау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийлері магистранттың 65 кредиттен кем емес, оның ішінде: теориялық курстан 45 кредиттен кем емес, тәжірибеден 5 кредиттен кем емес, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмысынан 10 кредиттен кем емес жоспарлы білімді игеруі болып табылады.

Тәжірибе:

Тәжірибе алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми орталықтарында, университеттерінде өтеді: Sejong University (Корея),University Sains Malaysia (Малайзия), Federal Polytechnic School of Lausanne (Швейцария), San Jorge University (Испания), Saint-Etienne School of Mines (Франция)  және т. б.

Мансап:

Магистратура жоғары білікті басқарушы кадрларды, химия және мұнай-газ өңдеу салаларындағы мамандарды, сондай-ақ жоғары кәсіптік және ғылыми-педагогикалық даярлықтары бар жоғары білім беру жүйесі мен ғылыми саладағы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындайды.

Магистратураның негізгі курстары:

Міндетті пәндер, оның ішінде:

  • Шет тілі (Кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика
  • Жобаларды қаржылай талдау
  • Ғылым тарихы және философиясы
  • Заманауи талдау әдістері.

 

            Элективті пәндер, соның ішінде:

  • Заманауи химия және полимерлер технологиясы
  • Металлоорганикалық химия
  • Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы
  • Мұнай мен газды өндіру процесіндегі мұнай химиясы
  • Advanced Plant and Process Design
  • Органикалық заттарды өңдеудің заманауи технологиялары
  • Беттік-белсенді заттар мен синтетикалық жуғыш заттарды өндіру технологиясының негіздері
  • Мұнай өндірісінің химиясы мен технологиясы
  • Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясындағы жасыл химия принциптері
  • Табиғи және ілеспе мұнай газдарын тазарту және өңдеу технологиясы.