Профессор, Даулетбекова Жанат Турарбековна.
Ж.Дәулетбекова - С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жүргізіп келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша 8 монография, 3 Тұжырымдама, 4 жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты, 12 типтік оқу бағдарламасы, 40-тан аса оқулық, 120-дан аса оқу және оқу-әдістемелік құралдар 150-ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалары жарық көрді.
Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекова – «Мән бере оқыту» атты төл технологияның авторы. Ол - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің (1996) және ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2010) мемлекеттік грантының иегері, «Бәйдібек би ауданының Құрметті азаматы» (2021), «Ұлттық құндылықтар академиясының» академигі (2023).
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ассистент – профессор, Бекенова Райхан Булатовна
Ассистент – профессор, Утебаева Гульжан Кушеновна
Педагогика ғылымдарының магистрі, «ҚБТУ» АҚ-та еңбек өтілі – 21 жыл:
ҚБТУ-да қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесіне көшіру жұмысын толық орындаушы;
English for Professional Purposes: Terminological Minimum for the Faculty of Energy, Oil and Gas Industry үш тілді сөздігінің қазақ тілі бөлігін дайындаушы;
«Іскерлік қазақ тілі», «Академиялық қазақ тілі» оқу құралдарының, «Студенттерді қазақ тілінде реферат жазуға үйрету» әдістемелік құралының авторы;
Студенттерді деңгейлеп оқыту үшін іріктеу бойынша диагностикалық тестілеу материалдарын құрастырушы;
«Іскерлік қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми мақалалары «ҚБТУ хабаршысы» журналында, Назарбаев Университеті, Сүлейман Демирел Университеті, Алматы, Түркістан қалаларында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында жарияланған.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ассистент – профессор, Акбаева Анар Мейрхановна
Акбаева Анар Мейрхановна – ҚБТУ-да (Қазақ-Британ Техникалық Университеті) ассистент профессор болып қызмет атқарады. Ол жоғары білімін Х. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да алып алғашқы ұстаздық жолын сол университеттің қабырғасынан бастады. 2000 жылдан бастап бірнеше ғылыми-әдістемелік еңбектер мен жобалардың авторы. 2010 жылы ғылыми кандидаттық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Қазіргі уақытта ол өзінің кәсіби саласында белсенді жұмыс істеп, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде. Білім беру саласында, әсіресе инженерлік және техникалық мамандықтар бойынша студенттерді оқытуда маңызды рөл атқарады. Оның сабақтары әрдайым қызықты әрі мазмұнды өтіп, студенттер арасында жоғары бағаланады.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сениор – лектор, Кенбаева Акмарал Султановна
Кенбаева Ақмарал Сұлтанқызы - Қазақстан-Британ техникалық университетінде орыс және қазақ тілдері секторының сениор- лекторы.
Ақмарал Кенбаева Қазақ қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар. 2023 жылдан бастап ол Қазақстан-Британ техникалық университетінде орыс және қазақ тілдері секторының оқытушысы ретінде жұмыс істейді, «Орыс тілі» пәнінен сабақ береді. Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған. 2016–2023 жылдар аралығында 10 ғылыми мақала жарияланды: Халықаралық конференциялар жинақтарында 6 мақала, Республикалық конференциялар жинақтарында 4 мақала.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сениор – лектор, Онласын Умит Куанышбековна
Онласын Умит Куанышбековна – ҚБТУ-да (Қазақ-Британ Техникалық Университеті) сениор-лектор болып қызмет атқарады. Ол қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын аяқтап білім бакалавры болды. 2020 жылы педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Қазіргі уақытта ол өзінің кәсіби саласында белсенді жұмыс істеп, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізуде. Білім беру саласында, техникалық мамандықтар бойынша студенттерге жалпы қазақ тілі, академиялық қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі курстарын жүргізеді. Студенттермен университеттің қоғамдық жұмыстарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жақсы байланыс орната білді.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сениор – лектор, Рахимжанов Нуржан Нурланович
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің түлегі (2006). Педагогика ғылымдарының магистрі (ҚазҰПУ, Алматы). 7 ғылыми мақаланың авторы.
Наградалары мен марапатталуы: Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери міндеттілерінің жиынында қорғаныс күші және мемлекеттік-құқықтық даярлық, әскери пән курсы бойынша қол жеткізген табысты нәтижелері үшін алғыс хат.
Оқытушылық тәжірибесі: «Жалпы қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» пәндері.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сениор – лектор, Мангышева Жанар Смагуловна
Білімі:
1993-98 жылдары Абай атындағы АлМУ-дың филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы.
2013-2015 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ «6М020500 - Филология (көп тілді)» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Еңбек өтілі: жалпы – 39 жыл, педагогикалық – 32 жыл, үздіксіз.
2003-2009 жылдарда ҚБТУ, Тілдер кафедрасында ассистент, тьютор.
2006-2009 жылдары ҚМЭБИ-дің Тілдер орталығында, қазақ тілі пәнінен лектор.
2009-2021 жылдары ХАТУ Тілдер кафедрасында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, қазақ тілі секциясының жетекшісі, ассистент-профессор.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап De Montfort University Kazakhstan (DMUK) Тілдер орталығында қазақ тілі пәнінен сениор-лектор.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан-Британ техникалық университетінің Жаратылыстану және Әлеуметтік ғылымдар мектебінде қазақ тілі пәні бойынша сениор-лектор.
Ғылыми-әдістемелік еңбектері: 30-дан аса мақаланың, мәтіндер жинағының авторы.
2011-2013, 2020-2021 жылдары ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығы, ҚазТест, Астана, тест тапсырмаларының әзірлеушісі.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сениор – лектор, Нүсіп Гүлжан Сәкенқызы
Нүсіп Гүлжан Сәкенқызы, 1995 жылы 19 қазанда қазіргі Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келді. Аталған ауданның Сарыөзек ауылы Д.Қонаев атындағы орта мектебінде мектепті аяқтап, 2013 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «6В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсті. Оқу барысында М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияда және Назарбаев зияткерлік мектебінде оқу практикасынан өтті. 2017 жылы бакалаврды тәмамдаған соң, осы университеттің «7М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2019 жылы аяқтады. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласындағы «Бәйтерек» оқу орталығында қазақ тілінде оқымайтын оқушылар үшін қазақ тілі пәнінен сабақ берді. 2019 жылы «Turkiye Burslari» бағдарламасы бойынша Түркиядағы Анкара қаласы Анкара университеті «Заманауи түркі тілдері және әдебиеттері» бөліміне докторантураға түсті. Оқуға міндетті негізгі пәндерді сәтті аяқтап, Түркияда міндетті саналатын докторанттардың емтиханынан жоғары бағамен өтті. 2021 жылдан бастап қазақ тілін оқушыларға және ересектерге онлайн оқытуды бастады. Ал 2023 жылы Қазақ-Британ техникалық университетінің Жаратылыстану және Әлеуметтік ғылымдар мектебіне қазақ тілі пәні бойынша сениор-лектор ретінде қабылданды.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Татьяна Юрьевна Шершнева
Шершнева Татьяна Юрьевна
Ассоц. профессор
Филология ғылымдарының кандидаты (Ph.D.), доцент, университетте 30 жылдан астам EAP&ESP оқыту тәжірибесіне ие; лингвистика, EFL және оқыту әдістемесі бойынша жарияланымдары бар; халықаралық (International Visitor Program (АҚШ), TEMPUS TACIS) және ұлттық (ҚР БҒМ) жобаларға қатысушы.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жексембиева Нұрғайша Раушанқызы
Жексембиева Нұрғайша Раушанқызы-сениор лектор
Алматы Педагогикалық Шет Тілдер институты түлегі (1975). Фулбрайт бағдарламасы бойынша Билкент университетінде ағылшын тілі методикасына қатысты қорғады, магистр. (Анкара қаласы, Түркия). Иллиной Университетінде (Урбана-Шампейн, АҚШ) Фулбрайт америкалық бағдарламасы бойынша стажировка өткен. 11 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектер авторы. Дистанциондық білім алған (Білім Институты, Лондон, Ұлыбритания). Сертификаттары (30-дан аса): Қазақстан оқытушылары, Британ Кеңесі (Бристоль, Ұлыбритания), (ЮНЕСКО, Алматы), TESOL (Сент-Луис, АҚШ), Сорос қоры, т.б. Фулбрайт Бағдарламасы Ұлттық ассоциация мүшесі. (Қазақстан). Жалпы , іскер, кәсіптік бағдардағы ағылшын тілін үйретудегі тәжірибесі үлкен.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сауле Умирбаевна Темирханова
Темирханова Сауле Өмірбайқызы, ассистент профессор, экономика ғылымдарының магистрі, еңбек өтілі 35 жылдан астам.
ЖОО-да ағылшын тілін оқыту, пәндер: «Ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі», «Ағылшын тілінің стилистикасы», «Академиялық ағылшын тілі», «Іскерлік ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі». ҚБТУ-да 1000-нан астам бакалавриат студенттері сәтті аяқтаған «Мәдениетаралық коммуникациялар» элективті курсын әзірлеу.
Деңгейлер бойынша әдістемелік топтарды үйлестіру, жаңа педагогикалық ұжымға тәлімгерлік ету.
600 сағаттан астам біліктілікті арттыру сертификаттары; тезис пен мақалаларды жариялау арқылы аймақтық және халықаралық конференцияларға қатысу.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ешенгазина Сауле Асетбековна
Ешенғазина Сәуле Әсетбекқызы
Ассистент-профессоры
Сәуле Әсетбекқызы 2004 жылдан бері ҚБТУ-да ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істейді. Оның негізгі жұмысы КБТУ экономика мектебінің бірінші курс студенттерін Лондон университетіне түсу үшін ресми IELTS тапсыруға дайындаумен байланысты. Ол сонымен қатар ҚМА курсанттары үшін теңіз ағылшын тілі бағдарламасын әзірлеп, енгізді. Сәуле Әсетбекқызының ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту әдістемесі бойынша бірқатар халықаралық басылымдары бар.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Акашева Айгерим Омиртаевна
Әйгерім Ақашева Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) ассистент-профессор қызметін атқарып, академиялық ағылшын тілі және әлеуметтік ғылымдар бойынша семинар сабақтарын өткізеді. Негізгі қызығушылықтарының бірі әлеуметтік лингвистика, корпус лингвистикасы және ағылшын тілін оқыту әдістемесімен байланысты. Әйгерім Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар университетінің шет тілдерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. 2014 жылы Лондонның қалалық университетінде зерттеу жұмыстарын жүргізді (INTO City University London). 2015 ж. “Болашақ” бағдарламасымен Англияның Суррей (University of Surrey) университетінде магистр дәрежесін алды. Қазіргі таңда Әйгерім Қазақ ұлттық әл-Фараби университетінде докторлық диссертациямен айналысып, лингвистикалық пәндерді оқыту әдістемесіндегі түс терминдерін корпус арқылы талдауда. Педагогикалық тәсілі оқушылардың қызықты әрі өз бетінше білім алуына ықпал ететін интерактивті және төңкерілген оқыту әдістерін қолданады.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Полозова Виктория Александровна
Полозова Виктория, Сениор – лектор, КБТУ. «InterPress», Британдық кеңесте жұмыс істеді. Педагогикалық тәжірибесі 12 жыл.
Магистратура MBA (Уэльс университеті), есеп және экономика бойынша маман (ҚазҰУ), аударма бойынша екінші жоғары білім: ағылшын және француз (Шетел тілдері және іскерлік мансап университеті), «CELTA - ересектерге ағылшын тілін үйретудегі Cambridge Certification ( 4-деңгей – Бакалавр дипломының деңгейі )”, “TESOL” (Аризона университеті ASU), “IHCYLT – жасөспірімдер мен балаларға ағылшын тілін оқытудағы Кембридж сертификаты”, “CAM – ағылшын тілін оқытудың жетілдірілген әдістемесінде Кембридж сертификаты (оқу мерзімі 1 жыл)”, «Hotel Management» кәсіби сертификаты (University ESSEC), «Google digital marketing & e-commerce» кәсіби сертификаты (5 деңгей). Семинарда спикер «Шет тілдерін аралас оқыту”
MPGE Global Evolution (БҰҰ-ның 17 мақсаты), IELTS, TOEFL, GMAT (Graduate Management Admission Test), жалпы ағылшын тілі (барлық деңгей), іскерлік ағылшын тілі (барлық деңгей), ESP.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Тасыбаев Даниэл Раджевич
Тасыбаев Даниэл Раджевич – Қазақстан-Британ техникалық университеті Ағылшын тілі секторының Сениор-Лекторы.
Даниэл Тасыбаев Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2021 жылдан бастап ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ағылшын тілі секторында оқытушы болып жұмыс істейді, "Академиялық ағылшын тілі (Pre-Intermediate A2)" және "Жеке және жаһандық эволюция" пәндерінен сабақ береді. Жұмыс істеген уақытында ол әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және оқытатын пәндер бойынша әдістемелік құралдар жазуға белсенді қатысады.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жунусова Умит Каимбековна
Жүнісова Үміт Қайымбекқызы
ҚБТУ-да Жаратылыстану және әлеуметтікғылымдар мектебі,Ағылшын тілі секторының аға оқытушысы.
БІЛІМІ
Докторантура: Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Мамандығы: "6D021000-Шетел филологиясы". Докторант (ғылыми зерттеуші, ғалым).
Магистратура: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті. Мамандығы: "Шетел филологиясы". Академиялық дәрежесі: Гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Бакалавриат: Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ), Шет тілдерінің педагогикалық факультеті (ПФИЯ), Мамандығы: "Шет тілі: екі шет тілі". Екі шет тілінің мұғалімі (ағылшын, корей тілдері). Бакалавр дәрежесі.
ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
Жүнісова Үміт Қайымбекқызы-ҚБТУ Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Ағылшын тілі секторының сениор - лекторы. Жоғары білім саласында жұмыс тәжірибесі көп. СДУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттеріне сабақ берді. 12 жылдан астам педагогикалық өтілі бар Үміт Қайымбекқызы Жалпы ағылшын тілін, Кәсіби мақсаттарға арналған ағылшын тілін, Академиялық ағылшын тілін барлық деңгейлерде оқытуға маманданған.
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
"Basic English", Алматы 2020, Тілдік ЖОО-да (Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ) білім алушыларға арналған оқу құралы (1-ші курс студенттеріне арналған).
"Communication Practices" оқу құралы, Алматы 2021.
"Білім беру жүйесін жаңғырту: үрдістер, проблемалар мен перспективалар" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағында жарияланған "Қазіргі ағылшын тіліндегі эвфемизмдер: жалпы шолу" тақырыбындағы ғылыми мақаланың авторы, қазан 2019ж.
Қазақстанның ғылыми журналдарындағы эвфемизмдер туралы мақалалардың авторы.
Көптеген сертификаттар мен бағдарламаларды игеру және семинарларға, вебинарларға және ғылыми конференцияларға сәтті қатысу туралы куәліктердің иегері.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Амзеев Алмаз Курбанович
Әмзеев Алмаз Құрбанұлы.
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлегі, Шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар ағылшын тілі мұғалімі; мамандану – «Академиялық ағылшын тілі», «Академиялық оқу», «Теңіз ағылшын тілі» және «Теңіз терминологиясы», «Техникалық жазу», БҰҰ 17 ТДМ.
Электронды пошта: a.amzeyev@kbtu.kz
Surdeanu Eduard-Florian
Surdeanu Eduard-Florian
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы.
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Алматы, Қазақстан (2014–2020).
Малайзия, Чехия және Қазақстанда ESP оқытушысы және IELTS нұсқаушысы (2010–2014).
TESOL магистрі, Людвиг Максимилиан атындағы Мюнхен университеті (2021–2022) «Орта және жоғары тілдік білім беру секторларында жасанды интеллект пен геймификацияны қолдану» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғаған.
Уэльс университетіндегі Драма өнері бөлімінің түлегі. (2007–2010).
Ол ұстаздық міндеттерімен қатар, білім берудегі жасанды интеллект саласында немесе кеңірек салада зерттеулер жүргізуге қызығушылық танытады.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Кадырбекова Айман Танышбековна
Кадырбекова Айман Танышбековна
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы.
2011 жылы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде шет тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Алматыдағы Абылай хан. 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
TKT Module, CELTA, CAE, DELTA Module 1 дайындық курсы Сертификатарының иегері.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Коянтаева Макбал Ыхыласовна
Коянтаева Макбал Ыхыласовна
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы
2017 жылы Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТ университетінің педагогика ғылымдарының магистрі тағайындалды. ТОЕФЛ экзаменіне дайындау, “Бизнес ағылшын”, “Арнайы мақсаттағы тіл”, “Академиялық ағылшын”, “ Жаһандық және жеке эволюция”пәндерінен дайындық өткіздіреді.
2019 жылдан бастап халықаралық конференциялар мен БҒСБК журналында мақалалар жариялады. 1 курс студенттеріне арналған конкурстардың белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы болып табылады, студенттердің ҒЗЖ - ға жетекшілік етті- ол мақалалар университет журналында жарияланған .
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Аширимбетов Нурсултан Айдарханович
Аширимбетов Нурсултан Айдарханович
Жаратылыстану және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінің сениор-лекторы, педагогика ғылымдарының магистрi.
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің түлегі, 10 жылдық жұмыс тәжірбесі бар ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.
Мамандану салалары:
«Академиялық ағылшын тілі»; «Мұнайшыларға арналған ағылшын тілі», 17 БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттары.
Университеттің бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтастығы және тұрақты даму жобалары бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байтлеуова Лаура Аязбеккызы
Байтлеуова Лаура Аязбеккызы - Сениор-лектор, Педагогика ғылымдарының магистрі
Білімі:
2020–2022 - Магистратура
КеАҚ " Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті "
Мамандық: 7М01702 «Шет тілі: Екі шет тілі»
2020–2022 - Бакалавриат
«Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті»
Мамандық: «Шет тілі: Екі шет тілі» (GPA 3.83)
Тіл сертификаттары:
Халықаралық сертификат IELTS – 8,5 – С2 (16.03.2024 ж.)
Достижения:
06.11.2019 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Үш тілді меңгерген жастар арасында өткізген "ТІЛДАРЫН" республикалық олимпиадасында 1 орын дипломы.
19.04.2019 - Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған "ТІЛДАРЫН" облыстық олимпиадасында Гран-при иегері.
15.04.2019 - Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген қабілетті жастарды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ шеңберінде Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған "ТІЛДАРЫН" қалалық олимпиадасында 1 орын дипломы.
04.07.2018 - Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу бойынша өңір түкпір-түкпірінен елорда құрдастарының жастары арасында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған "Менің лингвистикалық капиталым" облыстық байқауында 2 орын алған Диплом.
23.04.2018 - Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында елорда құрдастарының жастары арасында Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған "Менің лингвистикалық капиталым" қалалық байқауында Гран-при иегері.
Электронды пошта: l.baitleuova@kbtu.kz
Жаникеева Динара Ергайыповна
Жаникеева Динара Ергайыповна
Лауазымы: Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің аға оқытушысы.
Білімі: педагогикалық ғылымдар магистрі, докторант, Абылай хан атындағы КазХҚжәнеӘТУ
Кәсіби тәжірибесі: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде ағылшын тілі және шет тілін оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы (2014-2023 жж.); Қазақ-Британ техникалық университетінде академиялық ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы (2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін)
Ғылыми қызығушылықтары: шет тілін оқытуда цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллекті қолдану
Жетістіктері: шет тілін оқыту әдістемесі бойынша авторлық курстарды әзірлеу.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жубанова Шолпан Алдабергеновна
Жұбанова Шолпан Алдабергенқызы
Қазақ-Британ техникалық университетінің Жаратылыстану және Әлеуметтік Ғылымдар мектебінің техникалық студенттерге арналған ағылшын тілінің аға оқытушысы.
2022 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде PhD докторантурасын бітірді.
Біліктілігі: филолог, 17 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім. TESOL/TEFL сертификатының иегері.
Екі мәрте Қазақстан Республикасының жас ғалымдары арасындағы Республикалық байқаудың I және II дәрежелі «ЖасТалап» дипломдарының және «Үздік педагог» дипломының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің «Әріптестік қарым-қатынас орнатуға қосқан үлесі және оқытуға шығармашылық көзқарасы үшін» грамотасының иегері.
2024 жылы Эразмус+ бағдарламасы бойынша Түркия, Өзбекстан және Қазақстан университеттерінің қатысуымен ҚБТУ халықаралық жобасының тең директоры.
2019 жылы Берлин қаласындағы Дрезден университетінде (Германия), BOKU (Австрия) халықаралық тағылымдамадан өтті; Эрзурум (Түркия), Ататүрік университетінде; Белоруссиядағы Республикалық жоғары білім институтында.
«Going Global» халықаралық конференциясының грант иегері Лондон, Ұлыбритания, 2017 ж. 2014 жылы Вена (Австрия), Берлин (Германия), Боку (Латвия), Прага (Чехия) қалаларында және Қазақстан университеттерінде «Қазақстандағы студенттік өзін-өзі басқару және демократиялық қозғалыс» халықаралық жобасына қатысты.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, шетелдік журналдарда және Web of Science және Scopus жоғары индекстелген халықаралық журналдарда 45-ке жуық ғылыми жарияланымдары бар.
Қызығушылықтары: цифрлық оқыту, EFL, ESL, ESP, LSP, цифрлық білім беру ресурстары, виртуалды және толықтырылған шындық, білім берудегі жасанды интеллект.
Ғылыми жобалар
1. Халықаралық жоба – ‘Enhancing Blended Teaching Competences through MEntor Supported Training’, Эразмус+ (Түркия, Румыния, Өзбекстан, Қазақстан), 2024 ж.
2. Халықаралық жоба – GoingGlobal 2017/10 Spring Gardens, Британ консулдығы, Лондон, Ұлыбритания.
3. ISOC - Chapterthon 2017: Цифрлық мектептер! Онлайн дәрістер
4. Кәсіби ғылыми жоба: «Гуманитарлық ғылымдар студенттеріне коммуникативті оқытудың интеграциялық негіздері» Алматы, 30.05.2012 ж.
5. Білім беру халықаралық жобасы: «Қазақстандағы студенттік өзін-өзі басқару және демократиялық қозғалыс». Германия, Латвия, Австрия, Қазақстанның 13 университеті.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Зарықбай Салтанат
Салтанат Зарықбай – Қазақтан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (SNSS) аға оқытушысы ретінде әртүрлі контексттерде білім беруді дамытуға үлес қосып келеді. Салтанат магистрлік дәрежесін Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебіндегі көптілді білім беру мамандығы бойынша, ал бакалавр дәрежесін Шыңжаң педагогикалық университеті (Қытай) шет тілі, ағылшын тілі мамандығы бойынша тәмамдаған. Салтанаттың білім беру саласындағы кәсіби тәжірибесі мол. 2012-2015 жылдар аралығында Салтанат Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінде тіл курстарынан сабақ берді. Ал 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап қазірге дейін ҚБТУ-дың SNSS-де аға оқытушы болып жұмыс істейді. Бұл жерде Салтанат B2 деңгейіндегі студенттерге академиялық ағылшын тілі курсын, яғни студенттерді мәдениеттік және лингвистикалық бағыттан англофондық жүйеге интеграциялануға дайындауға ат салысты. «Жекемен жаһандық эволюцияны біріктіру» курсын жүргізеді.
Электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Ли Лариса Борисовна
Ли Лариса Борисовна
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы
Білім ғылымдарының магистрі. 6 жылдан астам педагогикалық өтілі бар тәжірибелі ұстаз. Мен ынталандырушы және қолдау көрсететін оқу ортасын құру және инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану арқылы оқушылардың жетістіктерін жақсартуға тырысамын.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Кабдолланова Айгерим Аскаркызы
Кабдолланова Айгерим Аскаркызы
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Сениор-Лекторы
5 жыл еңбек өтілі бар аға оқытушы, шет тілдері мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша маманданған. Жұмыс барысында көптеген табысты курстар мен семинарлар өткізіп, студенттердің жаңа білімді меңгеруіне ықпал етті. 2018 жылы Болгарияда тағылымдамадан өтіп, лингвистика және мәдениет саласындағы білімін тереңдетуге мүмкіндік алды. 2022 жылы Грекияда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар (философия) саласында заманауи оқыту әдістемелерін зерттеп, тағылымдамадан өтті.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Кобжанова Айнура Ерболкызы
Айнура Кобжанова Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) лектор қызметін атқарып, академиялық ағылшын тілі сабақтарын өткізеді. Айнура Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің шет тілдерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Айнура іргелі зерттеулерінің негізінде 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетел филологиясы (батыс тілдері) мамандығы бойынша филология магистрі дәрежесін алды. Оның академиялық зерттеулері шет тілдерін екінші тіл ретінде оқытуға бағытталған тағылымдамадан өткен практикалық тәжірибемен толықтырылды. 2022 жылы Түркияның Анкара қаласындағы Гази университетінде өткен бұл тағылымдама оған тіл педагогикасы саласындағы құнды білім мен тәжірибелік дағдыларды берді.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жунисова Меруерт Жаппаровна
Жунисова Меруерт Жаппаровна
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің оқытушысы.
"Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша SDU University түлегі. "Журналистика" мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі. Польшада Адам Мицкевич атындағы университетте ғылыми тағылымдамадан өтті.
Қазіргі уақытта ҚБТУ-дың "Академиялық ағылшын тілі", "Бұқаралық ақпарат құралдарын өндіру" пәндері бойынша дәріскері. БҰҰ-ның 17 ТДМ жобаларында жұмыс тәжірибесі бар.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Домаев Әділ Мұхамедханұлы
Әділ Домаев Сулейман Демирел университетінде «Шет тілдерін оқыту» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және Назарбаев Университетінде «Білім беру саласындағы көшбасшылық» магистрі дәрежесін алды. Сондай-ақ Әділ Эразмус+ стипендиясымен Лестер университетінде ағылшын тілі мен әдебиетін оқыды.
ҚБТУ-де Әділ ағылшын және әлем әдебиетінен сабақ береді, мәтіндермен сыни қарым-қатынасқа және тіл дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оның оқыту философиясы жан-жақты оқу тәжірибесі үшін тілді меңгеруді, әдеби ізденісті, сыни ойлауды және коммуникацияны біріктіреді.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Сейтжанов Елдос Жамбұлұлы
Сейітжанов Елдос қазіргі уақытта академиялық ағылшын тілінен сабақ беретін Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) оқытушы қызметін атқарады. 2016-2023 жылдар аралығында Елдос жоғары білім алды. Елдос Сүлейман Демирел университетінің шет тілдері: екі шет тілі мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін және Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар университетінің шет тілдерін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. Елдос француз тілін екінші тіл ретінде таңдады және француз тілін жаңадан бастаушыларға үйретуде тәжірибесі бар. 2022 жылы Елдос 21-ші ғасыр студенттерімен жұмыс істеуге арналған оқытудың озық стратегиялары курсын аяқтады, бұл оған студенттерімен жұмыс істеуге көмектеседі. Елдос түрлі қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істей білуімен, заманауи тенденцияларды ұстануымен ерекшеленеді, бұл студенттермен бір толқында болуға мүмкіндік береді және ортақ мақсатқа жету процесін жеңілдетеді. Елдос сонымен қатар әртүрлі жағдайларға бейімделіп, процесте туындауы мүмкін күтпеген қиындықтарды шеше алады.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Абылхожин Жулдузбек Бекмухамедович
Абылхожин Жулдузбек Бекмухамедович, Тарих ғылымдарының докторы
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тарих және әлеуметтік ғылымдар секторының профессоры.
Педагогикалық өтілі 35 жыл, ғылыми еңбек өтілі 40 жылдан астам. 2006 жылдан бері ҚБТУ-да профессор ретінде сабақ беріп келемін.
180-нен астам ғылыми мақалалардың, соның ішінде шетелде (Швеция, Франция, АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Түркия, Ресей) жарияланған мақалалардың авторы. «Қазақстан трагедиясы» мақаласы («Вопросы истории» журналы, Мәскеу, № 7, 1989 ж. қазан) 1932-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық туралы кеңестік тарихнамадағы алғашқы жарияланым болды..
Ренн университетінде (Франция), Шығыс тілдері мен өркениеттері институтында (Париж), Хоккайдо университетінде (Саппоро), Бирмингем университетінде және Оксфордта (Англия) қонақтық лекциялар оқыды.
Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Ғылым және білім министрінің құрмет белгісімен марапатталған (2013).
Бірнеше рет ҚБТУ ректорының грамоталарымен марапатталған.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телебаев Газиз Турысбекович
Телебаев Газиз Турысбекович
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тарих және әлеуметтік ғылымдар секторының профессоры.
Философия ғылымдарының докторы, профессор. Ломоносов М. В. атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің түлегі. Оқуды бітіргеннен кейін Рудный индустриалды институтында оқытушы, доцент, проректор қызметтерін атқарды. Ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте болды: Президент Әкімшілігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде. Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған. Қазақстанның жаңа астанасы – Астанаға арналған алты халықаралық ғылыми конференцияның ұйымдастырушысы. 350 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 20-дан астам монография мен кітаптардың авторы.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Лаумулин Чокан Турарович
Доктор Лаумулин Шоқан Тұрарұлы Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің профессоры және Кембридж Орталық Азия форумының, Иса колледжінің, Кембридж университетінің ғылыми қызметкері. Оның даму саласындағы зерттеулері технологияға, өнеркәсіпке, қоғамға және модернизацияға байланысты іргелі ғылымдарды ұйымдастыруға және дамытуға бағытталған. Ш.Т. Лаумулиннің Кембридж университетіндегі (Дарвин колледжі және дамуды зерттеу орталығы) «Ғылым және әлеуметтік саясат: кеңестік өнеркәсіптік парадигмалар негіздері» (2019) тақырыбындағы докторлық диссертациясы профессор Питер Ноланның жетекшілігімен жазылған, CBE (https://www.repository.cam.ac.uk/handle/1810/298764). Шоқан Лаумулин БҰҰ-дағы ЕЭК-нің (Женева, Швейцария) Тұрақты энергетика комитеті бюросының вице-төрағасы (https://kbtu.edu.kz/en/latest-news/2435-professor-of-kbtu-has-joined-the-bureau-of-the-unece-committee-on-sustainable-energy), Қазақстан-Британ қоғамының Білім беру комитетінің мүшесі (Лондон, Ұлыбритания) және ҚР ҰҒА Президентінің кеңесшісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Алматы қаласында туған ол академиялық ортада, білім беруде, бұқаралық ақпарат құралдарында және кәсіпкерлік қызметте 30 жылдан астам халықаралық кәсіби тәжірибеге ие, сондай-ақ Кембридж, Оксфорд, Лондон, Лейден, Венеция, Рим, Мәскеу, Санкт-Петербург, Дели, Джайпур, Агра, Лакхнау, Пекин, Сеул, Ташкент, Бұхара, Самарқанд, Науаи, Бішкек, Ұлан-Батыр және т. б. қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша академиялық іс-шараларға белсенді қатысумен қатар, академиялық журналдар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жүздеген мақалалар, сұхбаттар мен жарияланымдардың авторы (https://kbtu.edu.kz/en/latest-news/1931-professor-of-kbtu-received-the-appreciation-letter-from-world-energy-council).
Шоқан Лаумулин - Голливудтың Murder by Proxy h how America Went Postal деректі фильмінің атқарушы продюсері (www.murderbyproxyfilm.com). 2009 жылы Global Oriental Ұлыбританияда оның Мұрат Лаумулинмен бірлескен авторлықта жазған «Қазақтар: дала балалары» кітабын шығарды.
Сонымен қатар, доктор Лаумулин еуропалық саяси экономика саласындағы Лондон экономика мектебінің магистр дәрежесіне (2001 ж.) және Қазақ ұлттық университетінің журналистика бакалавры (үздік) дәрежесіне (1996 ж.) ие.
ҚБТУ-да профессор Лаумулин «Философия және ғылым тарихы» пәнінен сабақ береді және ғылыми саясат саласында өз зерттеулерін жүргізеді, мұнымен қоса энергетикалық алмасу және «жасыл» күн тәртібі мәселелерін шешуге, атап айтқанда, БҰҰ-ның жыл сайын ҚБТУ-да өткізілетін Алматы энергетикалық форумдарын ұйымдастыруға белсенді қатысады. 2022 жылдың қарашасында өткен 2-ші Алматы энергетикалық форумына БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдері және Физика департаменті мен Кавендиш зертханасының делегациясы, оның ішінде оның жетекшісі профессор Энди Паркер мен кванттық физика докторы Сиддхарт Саксена қатысты (https://kbtu.edu.kz/ru/latest-news/2808-guest-lecture-by-professor-andy-parker-was-held-at-kbtu). Сондай-ақ, профессор Лаумулин Британ-Қазақ қоғамының Білім комитеті мүшесі ретінде Ұлыбритания мен ҚБТУ арасындағы зерттеулер мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытумен айналысады.
Электронды пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Камалиденова Асия Закашевна
Камалиденова Асия Закашевна
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тарих және әлеуметтік ғылымдар секторының доценті.
Философия ғылымдарының кандидаты. Ғылыми қызығушылықтары: әлеуметтік философия, құндылықтар мен дүниетаным, адамгершілік-рухани даму мәселелері, мәдениет және қазіргі адам, жаттану феномені. Ғылыми мақалалар мен басылымдардың, ұжымдық монографиялардың авторы. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық және практикалық конференциялар мен семинарлардың қатысушысы.
ҚБТУ философиялық клубының жетекшісі.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жұмаділ Арман Қабдешұлы
Жұмаділ Арман Қабдешұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, көп жылдық тәжірибесі бар ғалым-ұстаз, ҚБТУ доценті. Оның 50-ге жуық ғылыми еңбектері бар. Бірнеше монографиялар мен оқулықтардың авторы. Қазақстанның тарихы, этнографиясы мен мәдениеті және рухани жаңғыру бойынша жалпы және арнайы курстар береді.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Sheraz Muhammad
Sheraz Muhammad
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тарих және әлеуметтік ғылымдар секторының ассистенті.
БАҚ пен академиялық ортада 35 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар бұрынғы журналист, қоғаммен байланыс және коммуникациялар бойынша кәсіпқой және академиялық директор.
Лондондағы Сити университетінің журналистика мектебінің түлегі. Шераз мырза халықаралық журналистикаға маманданған, сонымен қатар география ғылымында магистрі дәрежесіне ие. Шераз мырза Лондон университетінде менеджмент және даму мәселелері бойынша білім алған.
1999 жылдан 2006-2007 жылға дейін Шераз мырза Лондонда BBC World Service, Press TV, FENS және IWPR да жұмыс істеді. 1987 және 1998 жылдар аралығында ол Пәкістан теледидарында екі танымал телешоуды жүргізді. Ол сонымен қатар әртүрлі газеттермен жұмыс істеді және Al Jazeera үшін тұрақты комментатор/талдаушы болды.
Шераз мырза 2006-2012 жылдар аралығында Алматы қаласындағы КИМЭП университетінің журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры болды. Шераз мырза 2013-2018 жылдар аралығында Журналистика және коммуникациялар департаментінің төрағасы, сапаны қамтамасыз ету және адам ресурстары департаментінің директоры Пәкістандағы жетекші университетте ресурстарды дамыту қызметтерін атқарды. 2018-2019 жылдары ҚБТУ интернационалдандыру жөніндегі проректоры болды. 2022-2023 жылдары Шераз мырза Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАУ) Халықаралық стратегиялық коммуникациялар орталығының директоры болды. Ол сонымен қатар Қазақ агротехникалық университеті ректорының стратегия, жаһандық байланыс және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды. 2023 жылы Шераз мырза ҚБТУ-ға қайта қосылды.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Владимиров Евгений Юрьевич
Владимиров Евгений Юрьевич
Дене шынықтыру және спорт секторының Профессоры
Халықаралық шахмат гроссмейстері, FIDE Senior Trainer (Халықаралық шахмат федерациясы). КБТУ университетінде еңбек өтілі: 19 жыл.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Одинцов Анатолий Владимирович
Одинцов Анатолий Владимирович
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дене шынықтыру және спорт секторының сениор – лекторы.
Жоғары оқу орындарында 20 жылдан астам педагогикалық өтілі. ҚБТУ-да 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Спорт мамандығы – футзал, футбол. Жаттықтырушы ретінде ол түрлі жарыстарда – Қазақстан Республикасының Универсиадасында, студенттік лигаларда, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, халықаралық Ыстықкөл ойындарында және басқа жарыстарда жеңімпаз атанды.
Әлемдік, құрлықтық және аймақтық ірі жарыстарда жаттықтырушы және бас жаттықтырушы болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер студенттік және әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушысы.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Суйеншбеков Ескали Жаркынбекович
Сүйеншбеков Есқали Жарқынбекұлы
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дене шынықтыру және спорт секторының сениор – лекторы.
Дене тәрбиелеу мәдениеті институтының (қазіргі ҚазАСТ) 1988-1992 түлегі. Дене тәрбиелеу мәдениеті 0303 мамандары бойынша бітіріп шықтым. Қазақ күресі және Самбодан спорт шебері мін.1993-2024 жыл аралығында жоғарғы оқу орындары дене шынықтыру сабағынан сабақ беріп келемін. КБТУ да дене тәрбиесі және спорт сектор бөлімінде сениор-лекторы болып жұмыс істеймін. Методикалық әдістеме 2004. КБТУ, 25 жуық статья шығардым және халықаралық статья бар.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Дәулет Альбина Дәулетқызы
Дәулет Альбина Дәулетқызы
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дене шынықтыру және спорт секторының сениор – лекторы.
Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі, педагогика ғылымдарының магистрі. Волейболдан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер. Республикалық чемпионаттардың жүлдегері. Волейбол спорт туринен жаттықтырушы. Спорт төрешісі.
Жаттықтырушылық қызмет өтілі 10 жылдан астам.
Оқытушылық қызмет өтілі 9 жылдан астам.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Крутин Юрий Витальевич
Крутин Юрий Витальевич
Жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің дене шынықтыру және спорт секторының сениор – лекторы.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша ҚазАСТ (ҚазИФК) түлегі. 1990 жылы регбиден КСРО спорт шебері, КСРО Кубогының иегері және Жоғарғы лига командалары арасындағы КСРО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.
ҚР регбиден жоғары санатты жаттықтырушы. Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының әртүрлі жастар және жасөспірімдер құрамаларының жаттықтырушысы. Жастар және жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Жастар ойындарының екі дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы оқушыларының Спатакиадасының чемпионы. Сонымен қатар осы жарыстардың бірнеше дүркін күміс жүлдегері, 2-орын. 2019 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық кубогының жеңімпазы.
Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.