Шетел тілін білдім деген сөз – екінші тынысың ашылды деген сөз

                                                                                                                                     Карл Великий

 

           

Ағылшын тілі секторының миссиясы: барлық білім алушыларға негізгі тілдік дағдыларды меңгерту: ауызша сөзді дұрыс тыңдап, оның мәнін түсінуі; ағылшын тілінде еркін сөйлеп, қарым-қатынас жасай алуы; жазу түрінде өз идеясын дұрыс жетікізуге төселу, университет деңгейіндегі мәтіндерді оқып, оның мазмұнын түсіне алуын қамтамасыз ету. 
Студенттердің тілді білу деңгейі  IELTS  және TOEFLсертификаттарымен немесе университетке қабылданар алдында тапсыратын диагностикалық тест нәтижелері бойынша анықталады.
 
Ағылшын тілін үйрену траекториясы: 
1. English_Beginners (А0) ->English_Elementary (A1) ->English_Pre-Intermediate (A2) -> English _Intermediate (В1) ->English_Upper-Intermediate (В2) ->English_Advanced (С1)
2. Для студентов КМА: English->Professional English (Technical writing), Professional English (Maritime Vocabulary and Terms)
3. ХЭМ үшін:  English Language 1->English Language 2 
 
Ағылшын тілін білу деңгейін арттыру үшін студенттің тілдік біліктеріне қарай төмендегідей электив пәндер ұсынылады: Academic reading (А2), Introduction to IELTS (В2),Business Negotiation and Correspondence (В2), Conversational English (В2), Presentation Skills (В2), Advanced Conversational English (C1), Cross-Cultural Communication (C1). 
Conversational English электив пәні бойынша сениор-лектор Николас Зафиропулос студенттермен бірге Ағылшын тілі Клубын жүргізеді. Клубта өтетін іс-шаралар еркін, ешқандай мәжбұрлеусіз формада өтетіндіктен, ол студенттердің достық қатынастағы жайлы әңгімелесу әрі осы арқылы өздерінің тілдік және қатысымдық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ағылшын тілі пәні оқытушыларының барлығы да – академиялық адалдықты қолдайды! Олардың жұмыс ұстанымы – Көшіруге жол жоқ! Осы мақсатта Turnitin антиплагиаттық бағдарламасы жұмыс істейді. Адал жұмыс – әділ баға – адал жетістіктер!