2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР БҒМ бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға құжаттарды қабылдау
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 15 наурызга дейін (қоса алғанда)
Грант нені қамтиды: оқу еліне ұшу және қайту, визалық алым, сақтандыру, тұрғын үй.
Кім қатыса алады: GPA 3.0 - тен жоғары және ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден төмен емес (Upper-intermediate) 2-3 бакалавриат курсының студенттері.
Ұсынылатын жоғары оқу орындары:
Babes-Bolyai University (Румыния) - БШ, ШИТиИ, ШПМ;
Kozminski University (Польша) – БШ;
Cracow University of Technology (Польша) - ШИТиИ, ШМиЗТ;
Poznan University of Technology (Польша) - ШИТиИ, ШМиЗТ, ШХИ;
Vilnius TECH (Литва) - БШ, ШИТиИ, ШПМ;
VSB – Technical University of Ostrava (Чехия) - ШГ, ШМиЗТ, ШЭиНГИ;
Brno University of Technology (Чехия) - ШИТиИ, ШПМ;
EPITECH (Франция) – ШИТиИ; Namur University (Бельгия) – МШЭ
Оқу елі мен ЖОО грант иегерлерін қоғамдық комиссия іріктегеннен кейін түпкілікті айқындалатын болады.
Қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Төлқұжаттың көшірмесі;
2. Ағымдағы үлгерім туралы ресми транскрипт (Тіркеуші кеңсесінен алынған);
3. Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):
▪️IELTS 5.5 және одан жоғары сертификаты,▪️В2 деңгейінен төмен емес деңгейі бар Жаратылыстану және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінен анықтама (анықтама алу үшін үміткер Жаратылыстану және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебіне жүгінеді)- 333 кабинетке, В2 және одан жоғары деңгейі көрсетілген транскриптпен бірге), егер транскрипт талап етілетін деңгейден төмен болса, студенттерге ағылшын тілін білу деңгейін растауға рұқсат етіледі. 10 наурызға дейін https://forms.gle/d37uJr62KzPzMU2F7 сілтемесі арқылы сұхбатқа (ағылшын деңгейіңізді анықтау үшін) жазыла аласыз;
4. Шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш Анкета и заявление выезжающего зарубеж (2).docx;
5. Шетелге оқуға кететін адамның сауалнамасы Анкета и заявление выезжающего зарубеж (2).docx;
6. Шетелге шығуға арналған медициналық анықтама 072/у формасы
7. Студенттің көп балалы отбасыны растау үшін отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);
8. Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін) (бар болса);
9. Студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).
"Академиялық ұтқырлық" деген белгісі бар конвертке орналастырылған және 427 кабинетте аты-жөні мен мамандығы көрсетілген 1 папкада (пластиктен жасалған, үстіңгі жағы мөлдір) құжаттарды тапсыруды сұраймыз.
Сұрақтар бойынша: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (Teams, Outlook), 427