Құрметті студенттер, сіздерді PhD, Қолданбалы математика мектебінің қауымдастырылған профессоры Сарыбекова Ляззат Омаровнаның "Стратификацияланған жиындардағы Соболев теңсіздігі" тақырыбындағы ашық ғылыми-танымал семинарына қатысуға шақырамыз.
Соболев теңсіздігінің аналогтары және стратификацияланған жиындардағы р-лапласианға қосымшалар қарастырылады. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды тікелей қойып, талқылай аласыз.
Семинар күні: 12.04.2023, 16:00.
Өтетін орны: ҚБТУ, 228 аудитория.