17 ақпан сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін DAR DAY – KBTU өтеді. Бұл күні DAR компаниясының эксперттерінің мастер-класстары болады.
DAR компаниясының Senior Product Manager-і Ардак Бердибеков, инновациялық өнімдерді қалай жасау керектігі жайлы айтып береді. DAR компаниясының Chief Technical Officer-і Айдын Тойбаевтың тақырыбы: «Өнімді әзірлеу: идеядан бастап ақырғы қолданушыға дейін». Студенттер конкурсқа қатысып, керемет бағалы сыйлақтарды жеңіп ала алады. Басты жүлде - DAR компаниясынан 2-апталық тәжірибеден өту.
DAR Day – бұл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының талантты студенттерімен бірлескен ізденіс пен идеяларды жүзеге асыратын алаң. Бұл DAR компаниясында тәжірибеден өтудің бірегей мүмкіндігі, яғни бизнестің ұшырасатын ақиқатымен таныса отырып, құнды практикалық тәжірибе алу.
Конкурсты өткізу механизмі:
Қатысушылар команда құрып, қатысу үшін сілтеме https://forms.gle/cNhh74nkKAqsoUUNA бойынша тіркеледі. 1 команда - 1 тіркелім. Әр команда бойынша қатысушылар саны: 1 ден 5 дейін.
Қатысушыларға тапсырмалар тіркелуден өткен соң дереу қолжетімді болады. Командаларға презентация материалдарын алдын ала дайындап алу қажет және де материалдарды ұсынуда жекелік көзқарас болуы тиіс.
Жобаларды жүзе асырудың бағыттары:
- Білім беру
- Спорт
Прототип немесе Концепция келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
- Идеяның бірегейлігі. Аналогтардың саны минималды шешімдерге басымдық беріледі.
- Практикалық қолданысы. Ұсынылған шешім практикалық есептер мен аталған мәселелерді шеше алуы тиіс.
- Презентацияның рәсімделуі. Қатысушылардың презентациялары қысқаша, құрылымданған болуы тиіс және де зерттеудің сандық және сапалық көрсеткіштерінің болуына мән беріледі.
Жобаны қорғауға қойылатын техникалық талаптар:
- Рәсімделуі - презентация форматы. Слайдтар саны 5-тен 20-ға дейін.
- Материалдардың құрылымдық ұсынылуы.
- Материалдарда алдын ала жүргізілген зерттеуді ұсыну құпталады.
- Техникалық ұсыныс немесе ұсынылған жобаны жүзеге асыру нұсқалары.