Қадірлі достар мен серіктестер! Құрметті талапкерлер, студенттер, түлектер, оқытушылар мен қызметкерлер!

 
Қазақстан Республикасындағы халықаралық деңгейдегі ғылыми-техникалық бейінді жетекші жоғары оқу орны – Қазақстан-Британ техникалық университетінің сайтына қош келдіңіздер.
 
20 жылдық тарихтың жетістіктерін еселей отырып, біз өңірде өз дамуымызды жалғастыруға және Орталық Азиядағы жетекші университеттердің бірі болуға ұмтыламыз. Біздің басты мақсатымыз - ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу үшін жоғары білікті мамандарды шығара отырып, Қазақстанның және өңірдің ғылыми, өнеркәсіптік және экономикалық дамуына қолдау көрсету.
 
Біз қоғам мен ғылым арасында, Қазақстан мен бүкіл дүние жүзі арасында инжиниринг, технология және бизнес салаларында білім көпірін салып жатырмыз. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік, бірақ мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, өнеркәсіп кәсіпорындары және бизнес-құрылымдар сияқты түрлі мүдделі тараптармен жұмыс істей отырып, өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге сенімдіміз. Біздің мүдделеріміз қызметтің басқа да салаларын қамтиды. Біз жергілікті және халықаралық серіктестермен диалог жүргіземіз, бірлескен зерттеулер өткіземіз, тәжірибе алмасамыз. ҚБТУ әрдайым инновациялық және шығармашылық көзқарасқа басымдық береді, сондықтан біздің жобаларымыз тұжырымдамасы бойынша ерекшеленеді және қоғам игілігі үшін, ғылым мен технологияны дамыту және кадрлар даярлау үшін әртүрлі міндеттерді шешеді.
 
Бүкіл Орталық Азия өңірі үшін инновациялар орталығына айналу үшін біз индустрияның түрлі салаларындағы кәсіпорындармен бірлесіп, оқыту бағдарламасын үнемі жетілдіріп отырамыз. ҚБТУ Консультативтік кеңесінің құрамына жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялардың топ-менеджерлері, ал факультеттердің индустриалды комитеттеріне біздің білім беру бағдарламаларымыз сапалы және барынша өзекті болуына зор үлес қосатын сарапшылар кіреді, бұл түлектердің жұмысқа орналасуына оң әсер етеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы университетті қазақстандық және шетелдік студенттер үшін тартымды етеді.
 
ҚБТУ-да бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды даярлау жүйесі халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді, оны БСҚА, ABET, ACBSP, KazSEE беделді халықаралық аккредиттеу агенттіктері растайды. Білім беру бағдарламаларының қатарында CFA, CIMA, ACCA және т.б. кәсіби аккредитациялары бар.
 
Түлектердің жергілікті және жаһандық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін университет білім беру саласындағы әлемдік трендтермен қатар жүреді деп сеніммен айта аламыз. Түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейін сақтай отырып (90% - дан астам), ЖОО-ның білім беру бағдарламалары "Атамекен" ҰКП рейтингіне сәйкес жыл сайын үздіктер тобына кіреді.
 
ҚБТУ-дың барлық түлектері университетті бітіргеннен кейін көп ұзамай жұмыс табады немесе магистратура мен докторантурада оқуын жалғастырады. Біздің түлектеріміз Кремний алқабында және мұнай-газ саласында жетекші халықаралық IT компанияларда, жетекші халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді.
 
Біз өзіміздің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамды, соның ішінде әлемге әйгілі ғалымдар, Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Үндістан, Түркия елдерінен келген кадрларды мақтан тұтамыз. ҚБТУ-дың заманауи инфрақұрылымы мен зертханалары бар, білім алушылар мен зерттеушілерге инновациялық жобалармен жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.
 
ҚБТУ әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатқан, олардың ішінде University of London, Harvard Business School, St Etien Ecole des Mines (Франция), Loughborough University, Manchester University, ECU, Politechnico de Turino, UTP Malasiya және басқалары бар.
 
Eni Agip Karachaganak, Total E&P, Schlumberger, Fraunghofer Institute of Automation, Chevron, NCOC, Micromine, Honeywell, Emerson, Baker Hughes, Halyk Bank, Яндекс сынды университеттің серіктестерімен бірге мұнай-газ саласының өзекті бағыттары бойынша бірлескен зертханаларды ашуға, процестерді автоматтандыруға, теңіз индустриясы және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды оқытуға көп көңіл бөлінеді.
 
Бұдан басқа, біз Erasmus, Болашақ, British Kazakh society, SPE ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Соңғы жылдары шетелдік білім алушылар контингентінің өсу көрсеткіші оң нәтижелер көрсетуде.
 
ҚБТУ-дың үлкен әрі тату отбасына студент, зерттеуші немесе оқытушы ретінде қосылыңыз! Біз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз!
 
ҚБТУ басшылығы атынан акционерлерімізге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, серіктес ұйымдарға, сондай-ақ студенттерімізге, профессорларымыз бен қызметкерлерімізге университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдіремін және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!
 
 
Құрметпен,
Ректор (Басқарма төрағасы)                                                                                            Маратбек Габдуллин