Құрметті студенттер, магистранттар мен докторанттар !

 

«KBTU JASTAR CITY» жаңа жатақханасына орналасу 2024 жылдың 10 қаңтарынан басталып, 25 қаңтарға дейін созылады (13, 14, 20, 21 қаңтар демалыс күндері).

Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін кезекті онлайн брондау кестесі жасалды. Орналасуға рұқсат алған студенттерге (wsp.kbtu.kz жүйесінде «одобрено» статусы), төменде көрсетілген сілтеме бойынша орналасу күні мен уақытын брондау қажет:

 

https://outlook.office365.com/owa/calendar/Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра./bookings/s/UfjBt4gJB02DLeZfVTLoXg2

 

Келісімшарт KBTU JASTAR CITY-ге орналасқан күннен бастап 2024 жылдың 31 мамырына дейін (қоса алғанға) жасалады, бұл ретте, көктемгі семестрде тұру үшін төлем де шартқа қол қойылған күннен бастап 2024 жылдың 31 мамырына дейін көрсетілген кезең үшін толық мөлшерде жүргізіледі.

Төлем тікелей Kaspi немесе Halyk қосымшалары арқылы, сондай-ақ Halyk және Jusan банктер арқылы жүзеге асырылады.

 

Тұру құны:

3 орындық бөлмеде (1 орын үшін) - айына 50 000 теңге

4 орындық бөлмеде (1 орын үшін) - айына 45 000 теңге

 

KBTU JASTAR CITY-де білім алушыларды қоныстандыру кезеңі:

 

1-қадам. Жатақхананың медицина қызметкерінен тексеріс өту

2-қадам. Тұру тәртібімен танысу

3-қадам. Тұру келісімшартын жасау, ордер алу

4-қадам. Тұру ақысын төлеу

5-қадам. Бөлме кілтін алу

6-қадам. Бөлмеге кіру

 

Мекенжай: Алматы қ., Ислам Кәрімов к-сі, 70/к 1

Жұмыс уақыты: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін

Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат және 2023-2024 оқу жылына арналған флюорографиядан өткенін растайтын құжат (көшірмесі рұқсат етіледі) болуы тиіс.

Бөлмелерді алдын ала брондауға жол берілмейді, орындарды бөлу тұру туралы келісімшарт жасасу кезінде жүзеге асырылады.

 

Ескерту: түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері (жұмыс уақытында емес) келген жағдайда - орналастыру уақытша бөлмелерге жүргізіледі.

 

Тұру және төлем келісім шарттарымен төменде тіркелген құжаттарда (ҚБТУ жатақханасында орын беру тәртібі және тұру туралы шарт) толығырақ танысуға болады.