Менеджмент

«Менеджмент» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы (ары қарай ББ) еңбек нарығы, менеджменттің дамуындағы трендтер,  ACBSP халықаралық аккредитация талаптарын есепке ала отырып және Білім берудің Мемлекеттік Білім беру Стандартына сәйкес ҚБТУ-де әзірленген және бекітілген құжаттар жүйесі болып табылады. 

Бағдарлама білім беру процесін жүзеге асыру үшін мақсаттарды, күтілетін нәтижелерді, мазмұнды, жағдайларды және технологияларды реттейді және қамтиды. 

 

Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға 5В050700 - «Менеджмент» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: 

• Адам ресурстарын басқару департаментінің менеджері 

• Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер 

• Консультант 

• Жобаларды басқару департаментінің менеджері 

•Тұтынушылармен жұмыс жасаушы менеджер 

• Стратегиялық жоспарлау департаментінің менеджері 

• Адам ресурстары бойынша менеджер 

• Талант басқару бойынша менеджер 

• Конфликт-менеджер 

• Жоба менеджері 

• Жоспарлау бойынша маман 

• HR аналитик 

• Бизнесті дамыту жөніндегі менеджер 

• Клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі маман 

• Инновация жөніндегі менеджер 

• Бизнес-кеңесші 

• Сапа менеджменті жүйесінің менеджері 

 

Оқытылатын пәндердің тізімі:

Менеджмент негіздері 

Бухгалтерлік есеп негіздері  

Микроэкономика 

Маркетинг негіздері 

Бизнес Коммуникациясы 

Бизнестегі зерттеу әдістері (Excel) 

Кәсіпкерлік 

Адам ресурстарын басқару 

Бәсекеге қабілеттілік экономикасы  

Бизнес-жоспарлау және консалтинг 

Персоналды стратегиялық басқарудағы заманауи мәселелер мен қиындықтар  

 

 Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.

Маркетинг

Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға  «Маркетинг» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: 

 

  • Маркетолог 
  • Бренд-менеджер 
  • PR- менеджер 
  • Жарнама бойынша Менеджер  
  • Product менеджер 
  • Қоғаммен байланысты дамыту жөніндегі Менеджер  
  • Контент-менеджер 
  • Сандық жүйеге көшіру бойынша Бренд менеджер  
  • Сандық маркетолог 
  • Ғаламтор-маркетинг бойынша Координатор 
  • Креативті менеджер 
  • Өнім бойынша Менеджер  
  • Маркетингтік продюсер 
  • Әлеуметтік желілер Координаторы  
  • Маркетинг және жетілдіру бойынша маман 

 

Кәсіпорындардың ағымдағы жағдайларын талдау арқылы оның қызметін талдау, тұтынушылардың өнімге ықыластары мен оларға сұраныстарын дамытудың негізгі трендтерін анықтау, маркетингтік зерттеулер арқылы тұтынушылардың мінез-құлығын зерттеу, жаңа нарықтар мен тұтынушылар тобын ашу арқылы, тауарды алға жылжытудың әр түрлі каналдарын қолдану арқылы ұйымның маркетингтік стратегиясын әзірлеу. 

Тұтынушылардың шығарылатын тауарға/қызметке сұранысын және ықыласын қалыптастыратын коммуникацияларды құру. Компания брендін дамыту мақсатында тиімді маркетингтік кампания әзірлеу. Визуальды материалдар жасау, онлайн алға жылжыту, әр түрлі маркетингтік хабарламалар мен коммуникациялар үшін контент жасау. Нарықты сегменттеу, компанияны дамытудың жалпы стратегиясы, сонымен қатар компанияның орны, стилі және брендін есепке ала отырып, маркетингтің бірыңғай стратегиясын қалыптастыру. 

Оқытылатын пәндердің тізімі:

Микроэкономика 

Маркетинг негіздері 

Іскерлік коммуникациялар 

Қаржы негіздері 

Эконометрика 

Кәсіпкерлік 

Адам ресурстарын басқару 

Бәсекеге қабілеттілік экономикасы  

Бизнес-жоспарлау және консалтинг 

Маркетингтік зерттеулер 

Брендті басқару 

Маркетингті басқару 

 Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.

Есеп және Аудит

Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға  5В050800 - «Есеп және Аудит» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: 

Аудитор 

Банк ісі бойынша маман  

Биржалық брокер 

Бухгалтер 

Бухгалтерлік қызмет кеңесшісі  

Бюджеттендіру және жоспарлау бойынша маман  

Дью-ди́лидженс маманы 

Жобалардың қаржы координаторы 

Қаржы аналитигі  

Қаржы қызметтерінің кеңесшісі 

 

Кәсіби қызметтің негізгі функциялары - есеп беру және статистикалық ақпарат жинау, деректерді өңдеу және оларды басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылардың пайдалануына дайындау; ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау; шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау; салық есептілігін дайындау және салық декларацияларын толтыру; ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және аудару; бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; бухгалтерлік және заң актілерінің сәйкестігін тексеру, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсету (аудиторлық және консалтингтік қызмет).  Заңнамалық және нормативтік актілерге және ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті дайындау арқылы кәсіпорынның бухгалтерлік есеп қызметін жүргізу. Кірістер мен шығыстар туралы, ақшаның қозғалысы туралы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептер толтыру, инвентаризация жүргізу, аудиторлық рәсімдер жүргізу. 

Бухгалтерлік есеп және оның мазмұнын білу, шоттарды білу және екі еселенген жүйелерді білу, шоттарды жіктеу және олардың типтік жоспары, құжаттар мен жұмыс процесін білу және жүргізу. Басқару шешімдерін қабылдау және кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін есеп-қисап пен ақпаратты есепке алуды аналитикалық түрде өңдеу. 

 

Оқытылатын пәндердің тізімі:

 

Бизнес Статистика (Excel қолдану арқылы) 

Менеджмент негіздері 

Бухгалтерлік есеп негіздері 

Маркетинг негіздері 

Қаржы негіздері 

Эконометрика 

Корпоративтік қаржы 

Басқарма есебі 

Бизнестегі зерттеу әдістері (Excel) 

Бухгалтерлік Есеп I. Орта деңгей 

Салықтар және салық салу 

Аудит 

ХҚЕС-ке сәйкес Бухгалтерлік Есеп 

 

 Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.

Қаржы

Білім бағдарламасын меңгерген тұлғалаларға  5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша Экономика және Бизнес Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі, олар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: 

  • Аудитор 
  • Банк ісі бойынша маман  
  • Биржалық брокер 
  • брокер 
  • Бухгалтер 
  • Бюджеттендіру және жоспарлау жөніндегі маман  
  • Қаржы аналитигі  
  • Қаржы мекемесінің маманы  
  • Қаржылық жоба координаторы   
  • Қаржылық қызметтер кеңесшісі  
  • Мәселелік несиелермен жұмыс жөніндегі маман  
  • Несиелік менеджер 
  • Риск менеджер 

 

Қаржылық есептілікті және қаржылық көрсеткіштерді талдау арқылы кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау; операциялық талдау, қаржылық нәтижелерге не болатынын анықтауға мүмкіндік береді, егер өндірістің көлемін өзгертсе және инвестицияларды талдауға мүмкіндік болса, бұл инвестициялардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. 

Қаржылық жоспарлау, айналым қаражатын жоспарлау қажеттілігін анықтау. Айналым қаражатын пайдаланудың тиімділігін есепке алу және талдау. Өндірістік қорларды сатып алуды бақылау, қаржы жоспарларын жүзеге асыру. Кірістерді, пайдаларды ұлғайту, кірістілікті және төлем қабілеттілігін арттыру үшін резервтерді іздеу. Шаруашылық субъектілеріне, банктерге және т.б. қаржы міндеттемелерін орындауды бақылау. 

 Оқытылатын пәндердің тізімі:

 

Основы Менеджмента 

Введение в бухгалтерский учет 

Введение в финансы 

Эконометрика 

Корпоративные финансы 

Инвестиции 

Финансовый учет согласно МСФО 

Анализ финансовой отчетности 

Управление финансовыми рисками 

 Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.

Кәсіпкерлік

Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері  

 

Бұл бағдарламаның мақсаты – заманауи бизнес-технологияларға маманданған және бизнес пен менеджментте, заманауи цифрлық технологияларда, тиімді келіссөздер жүргізуде, ынтымақтастықта, идеяларды генерациялап ұсынуда білімі мен дағдылары бар жоғары білікті кәсіпкерлер мен бизнес мамандарын дайындау. 

 

Түлектің кәсіби сипаттамасы: 

Мамандар тізімі 

  • Кәсіпкер 
  • Жоба менеджері 
  • Бизнес-кеңесші 
  • Жеке стартаптың/жобаның негізін қалаушы 
  • Шағын бизнес/франчайзинг негізін қалаушы 
  • Сатылым бойынша менеджер 
  • Маркетолог 

Кәсіпкерлік көптеген мансаптық мүмкіндіктерді ұсынатындықтан, жұмыс мүмкіндіктері мол. Шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымды басқару, отбасылық бизнесті жүргізу немесе корпоративтік кәсіпкер ретінде инновациялар жасау, инновация енгізу немесе тұтастай алғанда жобаның жаңа саласын құру. 

 

 

Оқу нәтижелері мен кілттік құзыреттер  

Білім беру бағдарламасы бизнес мектептері мен бағдарламаларының беделді халықаралық аккредитациясы – ACBSP негізгі құзыреттер мен оқу нәтижелеріне жатады. Болашақта олар Кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша аккредиттеуден өтуге бағытталған, оқу жоспары аккредиттеу талаптарына сәйкес құрастырылған: 

  1. Бизнес Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де кездесетін құқықтық ортаны, этикалық мәселелерді айқындау. Дәстүрлі бизнестің цифрлық трансформациясын және әртүрлі кезеңдерде, соның ішінде сауда, логистика, қаржы және смарт өндірісті қоса алғанда, заманауи цифрлық бизнес тәжірибелері мен платформаларын қолдануды бағалау. 
  2. Жобаның экономикалық орындылығын бағалау процестерін үйрену арқылы бизнес-жоспарды әзірлеу және пішімдеу дағдыларын көрсету. Кәсіпорынның қызмет саласына сәйкес стратегияларды таңдау арқылы кәсіпкерлерге қолжетімді қаржыландыру көздерін, соның ішінде венчурлық қаржыландыру көздерін іздеп табу. 
  3. Маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарықты сегменттеу, мақсатты анықтау және позициялау, ұжымда тиімді маркетингтік стратегияны құру дағдыларын көрсету. Бизнес ұйымында тиімді сату стратегиясын қалыптастыру дағдыларын пайдалана отырып, өнімді жылжытуда заманауи маркетингтік коммуникация құралдарын қолдану. 
  4. Қазіргі заманғы экономикалық проблемаларды және оларға мемлекеттік экономикалық саясаттың әсерін, үй шаруашылықтары мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін, тұтынушылық сұраныс пен ұсыныстың мінез-құлқын экономикалық модельдерді пайдалана отырып талдау. Экономикалық факторлар мен халықаралық нарықтардағы даму стратегияларын ескере отырып, халықаралық деңгейде бизнесті ұйымдастыруға баға беру. 
  5. Мақсаттарды, қажетті ресурстарды, жоспарлауды, жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерді, шектеулерді, өнімділік критерийлерін, рөлдерді, процедуралар мен ережелерді құжаттау арқылы жобаның ауқымын анықтау және басқару. 

 

Оқытылатын пәндердің тізімі:

 

Introduction to Accounting

Introduction to Management

Introduction to Entrepreneurship

Introduction to Marketing

Business Communications

Business Statistics (Using Excel)

Corporate Finance

Entrepreneurship

Human Resources Management

Project Funding

Business Planning and Consulting

Digital Transformation

Business Law

Digital Entrepreneurship

Sales Management

Digital Marketing 

 

 Пәндердің толық тізімін Бизнес мектебі деканатынан біле аласыз.

87273574242 (352,358,359)

Joomla Plugins