. .
Академиялық дәреже: 
Техниқалық ғылым магистрі
 
1 Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
 
«Оффшорлық инженерия мен теңіз тасымалы» бағыты бойынша магистратурасының білім беру бағдарламасы (ары қарай ББ) ҚБТУ-дың  кадрлерді ұлттандыру мемлекеттік бағдарламасына, еңбек нарығының талаптарына, және де Білім берудің Мемлекеттік Жалпыға міндетті Стандарттарына сәйкес даярлап бекіткен құжаттар жүйесін білдіреді. 
ББ мақсаттарды, күтілетін нәтижені, мазмұнды, білім беру процесін жүзеге асыру шарттары мен технологиясын регламенттейді және оған: қолданыстағы оқу жоспары, тәртіптердің сипаттамасы және магистранттардың бағдарламаны аяқтағанда ие болатын өзекті құзіреттері кіреді.
«Оффшорлық инженерия мен теңіз тасымалы» бағыты бойынша магистратурасының білім беру бағдарламасының басты мақсаты Қазақстанға теңіз көлігі және оффшорлық жобалар саласы үшін жоғары білікті, басқарушы адами капитал даярлау болып табылады.
Аталған бағдарлама бойынша білім алған түлек теңіз көлігі, теңіз көлігі заңнамалары, оффшорлық индустрия, экономика және финанс салалары бойынша бәсекеге қабілетті білім алып, адами капиталды басқару мен жобаларды жүргізу негіздерін игереді.
Бәсекеге қабілетті білімге қол жеткізу үшін өз мамандықтары бойынша әлемдік трендтегі білімге ие Қазақстанның, Нидерланды және Италияның теңіз және оффшор индустриясында жұмыс істеп жүрген мамандарын сабақ беруге шақырылады.
 
2 Білім беру бағдарламасының сипаттамасы 
 
Білім беру бағдаралмасының еңбек сыйымдылығы 90 ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) құрайды, оның ішіне лекциялар, семинарлар, жобалар, зертханалық жұмыстар, білім алушының өзіндік жұмыстары, өндірістік тәжірибе, эксперименталды-зерттеу жұмысы, магистрлық диссертацияны әрлеу және қорғау кіреді. 
 
 
3  Білім беру бағдарламасы бойынша күтілетін мамандықтар тізімі
 
Білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға «оффшорлық инженерия және теңіз тасымалы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі және олар келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:
 
Оффшорлық қондырғы менеджері
Теңіз операциялары бойыша инженер
Оффшор операцияларының координаторы
Сапаны бақылау инспекторы
Оффшорлық бағалаушы
Теңіз логистикасы маманы
Кеме жалдаушы (кемелерді жүк тасымалына жалдау) 
Кемелер мен оффшорлық объектілерге агент қызметін көрсету және жабдықтау менеджері 
Экипажды жеткізуші
Жүк инспекторы 
Кеме агенті
Кеме менеджері
Порт менедждері
Жүк брокері
Теңіз операциялар менеджері
Кеме банкирі
Кеме инспекторы
Экспедитор
Кеме брокері
Шағымдарды өңдеуші
ЖОО мен колледж мұғалімі
ҒЗИ ғылыми маманы 
 
 
4 Мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіншіліктері
 
Қазақстанның Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі мұнай жобаларына 20 жылдан асты. Дегенмен ол жерлерде өзекті жұмыс орындарына қазақстандық кадрларды қатыстырудың аздығы байқалады. Қазақстанда негізінен сатып алу, инжиниринг, құрылыс, теңіз көлігі және техникалық жобалар бөлімдерін шет елдіктер басқарады. 
Қазіргі кезде компаниялар кадрларды жергілікті кадрлармен алмастыру саясатын қарқынды жүргізуде. Мысалы ТШО, КПО және НКОК компаниялары 2025 жылға дейін өзекті техникалық бөлімшелерге жергілікті басшыларды даярлау мақсатын қойды. (Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі. ortcom.kz, 2018).
Аталған факт ҚБТУ-дың «оффшорлық инженерия және теңіз тасымалы» ББ бойынша түлектеріне жұмысқа орналасу және жоғары мансап мүмкіншіліктерін ашады. ББ бітіргеннен кейін алынған білім түлектерге теңіз порттарында, Қазақстандағы ұлттық және халықаралық кеме және мұнай-газ компанияларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.