Халықаралық экономика мектебі көптеген түрлі іс-шараларды өткізеді. Қосымша ақпарат алу үшін Instagram желісінде бізге жазылыңыз.
2021 жылдың 27 қарашасында Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) Халықаралық экономика мектебі (ISE) студенттерінің Лондон университетінің дипломдарын алуына арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шара аралас форматта әл-Фараби залында және онлайн режимінде өтті. Біздің студенттерді «ҚБТУ» АҚ ректоры Маратбек Ғабдуллин және шақырылған қонақтар құттықтады, олардың арасында PwC Қазақстандағы басқарушы серіктесі Дана Іңкәрбекова және Британдық кеңестің Қазақстандағы аймақтық директоры Эрик Лоури болды. Сондай-ақ студенттер Лондон университеті мен Лондон экономика мектебінің (LSE) өкілдерінің құттықтауларын тыңдады.
Биылғы жылы Лондон университетінің 39 түлектерінің 15-і үздік дипломмен бітіргенін қуана хабарлаймыз. Біз бүкіл әлем бойынша студенттер арасында Лондон университетінің емтихандарында ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттерімізді мақтан тұтамыз. Салтанатты шара барысында біз Лондон экономика мектебінің алғыс хаттарының иегері атанған студенттеріміздің және Лондон университетінің және AR емтихандарының нәтижелері бойынша ҚБТУ-да үздік нәтиже көрсеткен студенттеріміздің есімдерін де жария еттік.