«Мұнай - газ ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі - бұл Қазақстан-Британ техникалық университетінің төрт жылдық білім беру бағдарламасы. Дәл осы жерде 2001 жылдан бастап мұнай-газ индустриясының кәсіби мамандарын даярлау жүргізілуде. Біздің оқу жоспарымыз студенттерді оқуды аяқтау кезінде саланың өзекті мәселелерін шешу және көп бейінді бір топта жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болатындай етіп құрастырылған. Сабақтар ағылшын тілінде өтеді, сондықтан біздің түлектер Қазақстанда және шетелде ұлттық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер геология, геофизика, бұрғылау, өндіру процесі, қабаттарды әзірлеу және үлгілеу, қабаттарды гидродинамикалық зерттеу, ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау сияқты барлық мамандықтарды білетін болады. Жалпы, оқыту бағдарламасы студенттің математикалық білімі мен аналитикалық ойлау дағдысын игеруін көздейді,  өйткені пәндер терең есептерді орындауды талап етеді.

Оқытудың алғашқы екі жылы – тілдер, тарих, философия және инженерлік – математика, физика, химия, термодинамика, гидравлика сияқты жалпы білім беретін пәндерге арналады. Үшінші және төртінші курстарда студенттер мұнай инженериясы пәндерін тереңдетіп оқиды. Білім алушылар элективті пәндер ретінде Ақпараттық технологиялар факультеті мен Бизнес-мектебі пәндерін таңдай алады.

Жұмыс оқу жүктемесі бір семестрде 6-7 пәнді, 3 жылдық тәжірибені және дипломдық жобаны немесе аптасына 50-70 сағатты қамтиды. Біздің бағдарламаның түлектері тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша компанияларда жұмыс істейді. Профессор-оқытушылық құрам көп жылдық оқыту тәжірибесіне ие және өз пәні бойынша өте құзыретті. Біздің көптеген оқытушылар - бай өндірістік тәжрибеге ие кәсіби шеберлер. 2004 жылдан бастап ЭжМГИФ студенттері SPE (Society of Petroleum Engineers) студенттік ұйымының мүшелері болып табылады. 2014 жылдан бастап SPE КБТУ бөлімшесі үш жыл қатарынан үздік деп танылды. Осы халықаралық ұйымның бір бөлігі бола отырып, студенттер өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге және командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік алады.