• Органикалық заттардың химиялық технологиясы 
  • ҚБТУ ХИ ҒБО бакалавриат бағдарламасы
  •  
  • ХИ ҒБО бағдарламасы IMAREST (Institute of Marine Engineering, ScienceandTechnology, Royal Engineering Council, UK) халықаралық аккредитациядан өтті және BTEC халықаралық агенттігінің лицензиясын алды, сондай-ақ соңғы 8 жыл ішінде НКАОКО рейтингісіне (Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік) сәйкес Қазақстанда үздік деп танылды.
  •  
  • Бағдарламаның мақсаты: мұнай-химиясы және мұнай өңдеу салаларының маңызды бағыттарын инновациялық дамыту проблемаларын шешуге бағытталған мұнай мен газды, полимерлік материалдарды өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары, органикалық заттар синтезі, мұнай химиясы салаларында жоғары білікті мамандар даярлау.
  •  
  • Білім беру бағдарламасының мазмұны:
  • Білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийлері студенттердің теориялық курстың қажетті көлемін меңгеруі, мемлекеттік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес олардың жұмыс және жеке оқу жоспарын толық орындауы болып табылады: оқытудың теориялық курсының кемінде 143 кредитін меңгеруі; оқу-танысу, өндірістік практикадан және дуалды оқудан өтуі; Қазақстан тарихы мен мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру; дипломдық жобаны дайындау және қорғау.
  • Оқу бағдарламасы міндетті және базалық пәндерден басқа келесі бейіндік пәндерді қамтиды:
  • * Химиялық инженерияға кіріспе
  • * Көмірсутек шикізатын өңдеу технологиясы
  • * Мұнай-химия және мұнай өңдеу катализі
  • * Мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсіптік экологиясы
  • * Жабдықтар мен кәсіпорындарды жобалау негіздері
  • * Қазіргі заманғы бағдарламалар пакеттері (Math Lab, AutoCAD,Aspen Hysys, Python)
  • * Полимерлік материалдар өндірісі
  • * Жұқа органикалық синтез технологиясы
  • * Жобаларды қаржылық талдау және бағалау
  • * Мұнай және мұнай-химия жабдықтарын коррозияға қарсы қорғау
  • * Дуалды білім беру.
  • Бағдарлама мамандық бойынша баламалы пәндерді таңдауға мүмкіндік береді.
  •  
  • Бағдарлама сала бойынша келесі  кәсіби білім мен инженерлік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді:
  • * органикалық заттар, полимерлік материалдар, органикалық синтез өнімдері, беттік белсенді заттар және басқа да мақсатты өнімдер өндірісінің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің заманауи технологиялары;
  • * көмірсутек шикізатын мақсатты өнімдерге, реагенттерге және жаңа функционалдық полимерлік материалдарға өңдеудің заманауи химиялық технологиялары;
  • * көмірсутекті газдарды каталитикалық өңдеу, мұнай химиясы мен мұнай өңдеудегі катализ;
  • * жабдықтар мен кәсіпорындарды жобалау негіздері, модельдеуші бағдарламалар пакеттерінің көмегімен химиялық-технологиялық процестерді модельдеу: Hysys, ChemCAD, AutoCAD, MathLab кешені Аспен.
  • Мансап
  • ХИ ҒБО түлектері Қазақстанның еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және "KazMunaigaz", "TengizChevroil", NCOC, "Petrofac" (БАӘ), "Atyrau Oil Refining", "Shlumberger", "Halliburton", "MaerskOil", Medherant (British Pharmaceutical Company) ұлттық және шетелдік компанияларда табысты жұмыс істейді, сондай-ақ, келесі әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында білімін жалғастыра алады: KTH Royal Institute of technology (Швеция), Warwick University (Ұлыбритания),Tokyo Institute of Technology (Жапония) және т. б.
  •  
  • Байланыс мәліметтері
  • ХИ ҒБО менеджері: Сапарбаева Нургуль Оразбаевна
  • +7 (727) 291-57-84 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • Алматы қ., Уәлиханов к-сі, 106-үй (Шевченко к-сі қиылысы), 112-кеңсе