Құрметті студенттер!

Біз 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне академиялық мобильділік өзін-өзі қаржыландыратын бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау аштық. Серіктес университетте оқу ақысын қоспағанда, барлық шығындарды (сақтандыру, виза, ұшу, тұру, тамақтану) студент өзі төлейді. Өтінім берудің соңғы мерзімі-25 ақпан, Астана уақыты бойынша 23.59.

 

Талаптар:

* 2 немесе 3 курс студенті болу

* Ағылшын тілін білу деңгейі B2-ден төмен емес

* GPA кемінде 2,5

* Студенттердің қаржылық және академиялық қарыздары болмауы керек (ремейксіз).

 

АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАЛАЙ ӨТІНІШ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

* Өтінім Uninet-ке академиялық мобильділік бөлімінде беріледі.

* Өтінімде келесі құжаттар жүктелуі тиіс:

- төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

- Uninet-тен жүктелген ағылшын тіліндегі ҚБТУ транскрипті (GPA 2,5-тен төмен емес)

- ағылшын тілін білу туралы сертификат (B2 – ден төмен емес) - жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканатынан сұралуы керек

 

* егер ағылшын тілін растайтын сертификат болмаса, сұқбат арқылы өз дейңгейін анықтай алады. Сұқбатқа 15 ақпанға дейін жазылу қажет https://forms.GLE/iut89jJ8b2KBUvDc8

 

Өтініш беру туралы қосымша ақпарат және серіктес университеттердің тізімі Uninet-тің академиялық мобильділік бөлімінде (Академиялық мобильділік туралы маңызды ақпарат сілтемесіне өтіңіз).