2023 жылғы 9-13 қазанда Жоғары энергиялар физикасы және үдеткіш техника бойынша 6-шы Халықаралық мектебі Төле би көшесі, 59 (Алматы қ.) мекенжайы бойынша Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде өткізу жоспарлануда.

Мектеп жұмысына жақын және алыс шетелдердің 7 елінен келетін 50-ден аса ғалымдар мен сала мамандары қатысады: АҚШ, Германия, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан және т.б.

Мектеп аясында барлығы 26 дәріс өткізіледі.

 

6-шы халықаралық жоғары энергия физикасы және үдеткіш инженерия мектебінде атақты ғалым, ядролық технологияның құрылымдық материалдары саласындағы маман Кристоф Шафер дәріс оқиды. Белгілі ғалым, ядролық техниканың конструкциялық материалдары саласындағы маман, Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымына (ЦЕРН) (Senior Adviser for Relations with CERN Non-Member States) мүше емес мемлекеттермен байланыс жөніндегі аға кеңесші.

Сондай-ақ, ЦЕРН-де өткізілетін физикалық бағдарламалар талқыланатын болады, «Үлкен адрон коллайдерінің физикалық бағдарламасы» тақырыбында Виктор Ким баяндама жасайды. «Құдай бөлшектері» деп аталатын Хиггс бозоны осы коллайдерде жүргізілген эксперименттер нәтижесінде анықталды және расталды.

Отандық үдеткіш техниканың дамуы келешекте елімізде АЭС салу және пайдалану кезінде пайдаланылатын, болашақ АЭС үшін кадрлық резерв болып саналатын, тиісті салалардағы мамандардың сапалы өсуіне алып келеді. Сондай-ақ, мектеп аясында еуропалық жетекші ғалымдармен АЭС құрылысының өзектілігі мен артықшылықтарын талқылау жоспарлануда.

Сонымен бірге ЦЕРН - NA62, NA64, Medicis, ISOLDE және ATLAS, сондай-ақ Брукхейвен ұлттық зертханасы – DUNE халықаралық коллаборациялар өкілдерінің баяндамалары ұсынылатын болады.

Ядролық медицина бірқатар диагностикалық және терапевтік әдістермен сипатталады, көбінде оларды қолданудың басқа баламасы жоқ. Ядролық медицинада қолданылатын көзбен шолу әдістері жоғары ақпараттық, дәл және жасушалық деңгейде органдар мен тіндердің құрылымдық-функционалдық өзгерістерін анықтау мүмкіндігіне ие. Қазіргі уақытта диагностикалық радиофармпрепараттар (РФП) медицинаның барлық дерлік клиникалық салаларында қолданылады.

Мұндай ауысудың мысалдары ретінде I-131-ді диагностикалық қолдануда I-123-ке алмастыруды, сондай-ақ позитронды-эмиссиялық томографияны белсенді енгізуді атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Институт аталмыш радиофармпрепараттарды (РПФ барлық өндірісінің 90% ҚР-да) тұрақты түрде өндіріп, оларды Қазақстан Республикасының медициналық мекемелеріне жеткізіп отырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша радиоактивті изотоптар өндірісі 2021 жылмен салыстырғанда 114%-ға ұлғайды. 2022 жылы алғаш рет Германияға кобальт-57 жеткізілді.

Мектептің Халықаралық консультациялық кеңесі мен ұйымдастыру комитетінің құрамына әлемнің көптеген елдерінің ядролық физика, атом энергетикасы және ядролық медицина саласындағы жетекші ғалымдары мен мамандары кіреді.

ҚР ЭМ Ядролық физика институты РМК ядролық физика және ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларында атом энергиясын пайдалану, физикалық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытумен, жоғары білікті кадрлар даярлаумен айналысатын ғылыми ұйым болып табылады. Жұмыстың бірегейлігі Институт базасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклі жүргізілетіндігінде, яғни іргелі зерттеулерден бастап өндірістік циклге дейінгі жұмыстар іске асырылады. Институттың ғылыми қызметкерлерінің іргелі зерттеулерінің нәтижелері әлемдік шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланып, 2022 жылы қорытындылар бойынша ҚР ЭМ ЯФИ РМК жарияланымдар саны бойынша ҚР ҒЗИ арасында 1-ші орынды иеленді.

Ядролық физика институты АҚШ, Ресей, Жапония, Франция, Бельгия, Швейцария сияқты және т.б. шет елдердегі әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастық орнатқан.

 

Толық ақпарат: https://indico.cern.ch/event/1307673/ сайтында

Халықаралық мектептің өтетін орны:

Қазақстан-Британ Техникалық Университеті

(Алматы қ., 050000, Төле би көшесі, 59)

 

Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді Жоғары энергиялар физикасы және үдеткіш техника бойынша 6-шы Халықаралық мектебі туралы ақпаратты таратуға шақырамыз.

 

Байланыс үшін:

Мұхтар Аида

Тел.:

+7 727 386-68-00

+7(705)961-54-31

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

+727 386 52 60

Пошта:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.