Құрметті әріптестер, Қазақстан Республикасының студенттері және магистранттары!

 

Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні аясында 2022 жылдың 12-15 сәуір аралығында KBTU Student Excellence ұйымының бірлестігімен ҚБТУ ғимаратында «Мұнай мен газ бағытында мамандандырылған жоғарғы оқу орындарындағы білім мен ғылым интеграциясы: озық технологиялар мен заманауи үрдістер» атты Республикалық жастар ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Әлем қазір қоғамның дамуы тікелей инженерлік білімнің сапасына байланысты болатын кезеңде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында: «Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет», – деді. Осылайша, Конференцияның басты мақсаты мен міндеттері ғылым саласындағы мәселелер мен перспективаларды талқылау, Қазақстан Республикасының магистранттары мен студенттерінің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін арттыру, энергетика және мұнай-газ секторларына қатысты әдістерді жетілдіруге қызығушылық танытатын, кең ауқымды ғылыми салаларда жұмыс істейтін зерттеушілер мен практиканттар арасында қарым-қатынас орнату үшін пікірталас алаңын құру.

Конференцияға білім және ғылым саласындағы сарапшылар, Ұлыбритания, АҚШ ғалымдары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жергілікті атқарушы органдардың, серіктес компаниялардың, халықаралық ұйымдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысады.

Конференцияда мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру, мұнай мен газды тасымалдау, сақтау және өңдеу, мұнай химиясы, өндірістік процестерді жабдықтау, автоматтандыру және цифрландыру, Отын-энергетикалық кешенде өнеркәсіптік, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің кең ауқымы қарастырылады.

Қаладан тыс студенттер мен магистранттар үшін қашықтықтан (қашықтықтан ауызша баяндама) және сырттай (баяндамасыз конференция материалдарының жинағында жариялау) қатысу нысандары қарастырылған. Барлық шығындар, соның ішінде баспана, көлік-қатынас шығындары және медициналық сақтандыру қатысушылардың өз есебінен төленеді.

Конференцияның ресми тілдері орыс және синхронды аудармамен ағылшын тілдері болып табылады. Конференция жұмысы жалпы, негізгі, ауызша мәжіліс және энергетикаға арналған төрт бөлім аясында біріктірілген (офлайн және онлайн) форматта өтеді:

 

  1. Геология бөлімі келесі бағыттарды қамтиды (модератор – ФГиГ дәріскері Чакликов Ахан Едигеулы):

• Мұнай және газ геологиясы

• Мұнай және газ кен орындарын геологиялық модельдеу

• Ұңғыманың параметрлерін геофизикалық зерттеу

 

  1. Барлау бөлімі келесі бағыттарды қамтиды (модератор – Нүсіпқожаев Айбол Ізтілеуұлы, ФЭиНГИ аға оқытушысы):

• Мұнай және газ кен орындарын игерудің заманауи әдістері

• Ұңғымаларды өндіру өнімділігін арттыру

• Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін цифрландыруды енгізу

• Мұнайды айдау жақсарту әдістері

 

  1. Мұнай мен газды тасымалдау бөлімі келесі бағыттарды қамтиды (модератор – Қырғызбай Ғазиз Абайұлы, ФЭиНГИ аға оқытушысы):

• Тасымалдаудың ең жақсы тәсілін таңдау

• Мұнай өнімдерін тасымалдау кезіндегі қауіп-қатерді бағалау

• Мұнай мен газды тасымалдауды автоматтандыру

 

  1. Бұрғылау бөлімі келесі бағыттарды қамтиды (модератор – Тикебаев Талғат Асанбаевич, ФЭиНГИ ассоц. профессоры):

• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудың инновациялық технологиялары

• Ұңғыманың өнімділігін арттыру үшін бұрғылау ерітінділерін пайдалану

• Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауды автоматтандыру

 

Баяндамалар тезистері 2022 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады. Конференция материалдары университет сайтында электронды жинақта орналастырылады. Үздік баяндамалар дипломдармен марапатталады. Конференцияға қатысушылар www.kbtu.edu.kz сайтына жүктелген талаптарға сәйкес баяндамаларын ұсынуы қажет.

 

Сұрақтарыңыз пайда болған жағдайда көрсетілген электрондық пошта арқылы байланыса аласыз Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

 

Сіздерді Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Мұнай және газ бағытында мамандандырылған жоғарғы оқу орындарындағы ғылым мен білім интеграциясы: озық технологиялар және заманауи үрдістер» атты Республикалық конференцияның құрметті қонақтары мен қатысушыларының қатарында көруге қуанышты боламыз.